Алматыда құрылыс компаниясы басшыларына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Бұл компанияға азаматтар арызданған.
Компания басшылығы тұрғын үй кешендерінің құрылысына рұқсат құжаттарынсыз және үлескерлердің қаражатын тарту құқығынсыз 2022-2023 жылдар аралығында үш тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатамыз деп азаматтардың ақшасын жымқырғаны анықталды.
Бұл іс бойынша 312 адам жәбірленуші деп танылып, жалпы шығын 2,5 млрд теңгеден асқан.
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталып, қазір қамауда отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданды», — деп жазылған хабарламада.