Полиция Алматы әуежайында болған оқиғаға пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 наурызда Алматы әуежайында тексеру аймағына өтіп, инспектордың шашынан ұстап, ас үй пышағымен қорқытқан ер адам ұсталған.
«Ол полиция бөліміне жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, шабуылдаған адам 67 жаста екені айтылды.