Алматыдағы Райымбек батыр даңғылындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде жарық сөндіріледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Қала әкімдігінен мәлім еткендей, осы аптада Райымбек батыр даңғылында мынандай жұмыстар қолға алынды:
- Ескі жабындыны алу, тротуар бойына жиектас пен гранит жиектас орнату;
- Тас төсеу және арық науаларын орнату;
- Суару және көше жарықтандыру жүйелері үшін траншеялар дайындау;
- Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салу.
«Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар орнатылып, жарық тартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылмақ. Бұл тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы», — деп атап өтті әкімдіктен.
Жөндеу жұмыстары барысында Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, көше жарығы сөнуі мүмкін.