Алматы қаласындағы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Қала құрылысын бақылау басқармасы нысан бойынша бұған дейін жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін, соның нәтижесінде «Он жеті» жеке кәсіпкерлігіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылғанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тексеруден кейін аталған екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданған.
Сот қарауынан соң 2025 жылғы 23 маусымдағы шешіммен талап толық қанағаттандырылған. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 20 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім күшінде қалғаны көрсетілген.
Қазіргі уақытта сот актісін орындау кезеңі басталған. Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қала құрылысын бақылау басқармасы осындай шаралар құрылыс саласындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және заңсыз нысандарға қатысты қабылданған шешімдердің орындалуына бағытталғанын атап өтті.

