Алматыда мыңдаған қазақстандықты телефон арқылы алдаған шетелдік алаяқтардың ірі call-орталығы әшкереленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті, «Қазақтелеком» және «Кселл» компаниялары бірлескен операция жүргізіп, заңсыз жұмыс істеп келген шетелдік алаяқтық орталығының жолын кесті.
Тергеу мәліметінше, шетел азаматтары Қазақстан тұрғындарын да қылмыстық іске тартып, SIP-нөмірлері арқылы елдегі мыңдаған азаматқа хабарласқан. Қоңырау шалған алаяқтар өздерін түрлі қаржы мекемелерінің өкілі ретінде таныстырып, жұртты жаппай алдап, ақшаларын жымқырып отырған.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде call-орталық жұмысын қамтамасыз еткен серверлер толық бұғатталды. Қазір алаяқтық әрекет тоқтатылды.
Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтап, қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын жауапқа тарту үшін тергеуді жалғастырып жатыр.
Бұған дейін біз банктердің банктердің жүздеген мың қазақстандықтың қарызын кешіргенін егжей-тегжейлі жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

