Алматыда 16-17 қаңтар күндері ауа райы күрт нашарлайды. Қала мен таулы аймақтарда көктайғақ, тұман, қар жауып, күн суытады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Осыған орай, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департменті тұрғындар мен қала қонақтарына тауға шығудан бас тартуды ұсынды.
Сондай-ақ, құтқарушылар күннің қатты суытуына байланысты қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.
«Үйдегі түтін шығатын құбырлардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіздер. Ыстан уланудың алдын алу үшін құбырлар жақсы жабылған болуы керек. Сонымен қатар, электр желілеріне шамадан тыс салмақ түсірмеуге кеңес береміз», – делінген департаменттің хабарламасында.
Бұған дейін «Қазгидромет» 16-18 қаңтар аралығында Алматыда қар жауып, ауа температурасы 16 градусқа дейін төмендейтінін ескерткен болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

