Алматының Бұқар Жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылады,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Жалпы ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу трассасы 200-ден астам қалалық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде аталған тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау сақталады.
Жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар Жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы ішінара жабылады.
Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұрайды.
Жалпы, ағымдағы жылы қала бойынша 35 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% — ға дейін төмендетеді.