Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Дархан Сатыбалды қызметінің негізгі қағидасы ашықтық, әділдік және тұрғындармен шынайы диалог екенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, мегаполис саясатын дұрыс жүргізу үшін тұрғындармен кері байланыс үзілмеуі керек, әрі әкімдік шешімінде ашықтық қажет.
«Алматы – тез өзгеріп, дамып жатқан қала. Сондықтан әкімдік пен қала тұрғындары арасында тұрақты әрі ашық диалог болуы маңызды.
Мен бұдан былай аудандарды тек арнайы дайындалған, алдын ала келісілген маршруттармен араламаймын.
Қаланың шынайы өмірімен танысу үшін аула, мектеп, базар мен көшелерге күтпеген жерден барып, жағдайды көзбен көруге тырысамын», – деді Сатыбалды.
Сондай-ақ жаңа әкім Алматыда «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді.
Айта кетейік, 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері Алматы қаласының әкімі лауазымын Ерболат Досаев атқарған. Соңғы айда Досаевтың доғарысқа кетуін талап еткен арыз-шағымдар жиілеп кеткен еді.