Түркия Орталық Азияға қатысты тарихи атауларды қайта жаңғыртып, ресми айналымға «Түркістан» ұғымын енгізуді қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа атау енді Түркияның мектеп пен университет бағдарламасына енгізіліп, оқулықтарда тұрақты қолданылмақ.
Анкараның айтуынша, мұндағы мақсат түркі халықтарының тарихи тамырластығын қайта түлетіп, мәдени тұтастығын нығайту.
Өңірдегі тарихшылардың бір бөлігі қазір қолданылатын «Орталық Азия» немесе «Орта Азия» ұғымдары сырттан таңылған терминдер екенін жиі айтады. Олардың пікірінше, аймақтың тарихи өзіндік атауы әлдеқайда ертеректе қалыптасқан. Көне деректерде өңір «Түркістан» немесе «Түркі жұрты» деп танылған.
Ғылым әлеміне «Орталық Азия» атауын неміс ғалымы Александр фон Гумбольдт 1843 жылы енгізген еді. Сол уақыттан бері халықаралық деңгейде орныққан терминнің тарихи әрі мәдени астары жұтаң тартқаны байқалады.
Түркия осы қадам арқылы тарихи жадыны жандандырып қана қоймай, мәдени идентификацияны жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Айта кетелік, бұған біз Тоқаевтың Кремльдің құбырынан құтылып жатқан жазған едік. Президенттің Түркия сапары кезінде Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырының потенциалын кеңейту мәселесіне акцент берілген еді.

