Түркия билігі Қазақстанда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның сәтті әрі бейбіт жағдайда өткенін жоғары бағалап, өзгерістер ел болашағына оң әсер етеді деп сенім білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазақстандағы конституциялық референдум бейбіт әрі тыныш жағдайда өтті, бұл бізді қуантады. Дауыс беру барысын Түркиядан барған халықаралық байқаушылар бақылап отырды. Біз референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістердің Қазақстанның болашақ дамуына қолайлы жағдай жасайтынына сенеміз», – делінген ресми мәлімдемеде.
Анкара ресми түрде Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап, елдің саяси дамуына серпін береді деген үмітін жеткізді.
«Түркияның мәлімдемесі Қазақстандағы конституциялық реформалардың халықаралық аренада маңызды қолдау тапқанын айғақтап отыр», — дейді осы белгілі сарапшы Айбар Олжай.
Айта кетелік, бұған дейін еліміздегі референдумға қатысты Бейжің билігі де ресми ұстанымын білдірген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







