13-15 ақпан аралығында Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz
«Қазгидромет» болжамынша Астанада аяз сақталып, жауын-шашын болмайды. 13 ақпанда түнде -26-28 °С суық болса, күндізгі уақытта -12-14 °С шамасында болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.
14 ақпанда күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде -21-23 °С болса, күндіз -9-11 °С болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 2-7 м/с. Ал 15 ақпанда да ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз -5-7 °С-қа дейін жылынады, түнде -20-22 °С аяз сақталады.
Алматыда 13 ақпанда бұлтты, арасында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Түнде -4-6 °С, күндіз 0+2 °С шамасында. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады.
14 ақпанда күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Таңертең және күндіз тұман түсіп, жолдарда көктайғақ сақталады. Түнде -1-3 °С, күндіз +1+3 °С аралығында, жел жылдамдығы – 3-8 м/с. 15 ақпанға қараған түні қар жауып, тұман мен көктайғақ сақталады. Түнгі температура -1-3 °С, күндіз +3+5 °С-қа дейін жылынады.
Шымкентте ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. 13 ақпан күні бұлтты, арасында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыстан соғатын жел 7-12 м/с жылдамдықпен күтіледі. Түнде +2+4 °С, күндіз +7+9 °С жылы болады.
14 ақпан күні күн бұлттанып, күндіз де, түнде де жаңбыр жауады. Тұман түсіп, желдің екпіні 15 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +2+4 °С, күндіз +8+10 °С. 15 ақпанда күн бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Желдің күші 7-12 м/с, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +2+4 °С болса, күндіз күрт жылынып, +13+15 °С шамасында болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

