Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«2025 жылғы 5 ақпанда іздестіру туралы іс Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Бастамашы — сот. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті», — деп жазылған Сәдуақасовты іздестіру карточкасында.
Іздестіру себебі анықтамада нақтыланбаған, бірақ Тимур Сәдуақасов Солтүстік Қазақстан облысындағы титан-цирконий кендерін өндіруші Обухов КБК-ға қатысты атышулы істе фигурант болды. 2025 жылғы қаңтарда апелляциялық саты бұл іс бойынша ақтау үкімінің күшін жойды, сотталушылар қамауға алынды, бірақ Тимур Сәдуақасов бұл кезде болмаған.

Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылғы ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған.