Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов бір күннен кейін жұмыстан шығып кеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Әсет Шопанов өз еркімен жұмыстан кеткен.
«Әсет Шопанов 3 наурызда әкімнің орынбасары болып тағайындалып, 4 наурызда өз еркімен жұмыстан кетті», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылдың аяғында Әсет Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалған. Сонымен қатар, сот оны жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырған болатын.
Алайда сол кезде облыстық басқарма басшысы қызметінде болған шенеунік тек қатаң сөгіспен шектелген.
Ол жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін БАҚ-та қызу талқыға түсті.