Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қазір Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлері айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Төрт науқас жансақтау бөлімінде жатыр: біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.
Зардап шеккен екі адам травматология бөлімінде емделіп жатыр.
«Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан алты науқастың үшеуі Әзербайжан, үшеуі Қырғызстан азаматы. Науқастар толық көлемде қажетті ем-дом алып жатыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі — бала, олар ауруханаға жеткізілді.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.