1 наурызда Дубайдағы танымал Fairmont The Palm тұрғын үй кешеніне зымыран түсіп, артынан алапат өрт шыққан болатын.
Осы оқиғадан кейін әлемжеліде аталған кешенде пәтері бар қазақстандық бай-бағландар мен экс-шенеуніктердің мүлкі зардап шекті ме деген мәселе қызу талқыға түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналистік зерттеулерге сенсек, әлгі тұрғын үй кешеніндегі 97 пәтердің иесі қазақтар. Олардың қатарында бұрынғы Сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жұбайы Бағдат Баталова, Ахметжан Есімовтың күйеубаласы және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімі аталады.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Иран зымыраны кешеннің дәл түбінен ұрған түні «ескі Қазақстанның» басым көпшілігі Дубайда болған. Ілгеріде аты аталған қалталы қауымның біразы желтоқсан мен наурыздың аралығын Араб жерінде өткеруді ұнататын көрінеді.
Депутат Сайыров осы ақпаратқа қатысты Бас прокуратураға сауал жолдайтынын мәлімдеп, ескі гвардияның шетелден жылжымайтын мүлік иеленуіне құқықтық баға беруді талап етті. Халық қалаулысы Дубайдағы 97-і пәтердің шығу тегі мен олардың қожайыны туралы толық ақпаратты жұртқа жариялау қажет деп санайды.
«Бұл ма, бұл моральдық тұрғыдан мүлдем дұрыс емес. Халыққа жасалған антигумандық әрекет», – деді мәжілісмен.
Ал Иранда не болып жатыр? Трамп неге Тегеранға тап берді? Толығырақ осы тұстан оқи аласыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







