Соңғы демалыс күндері Германиядағы Нюрбургринг трассасында өткен Lamborghini Super Trofeo Europe жарыс сериясының төртінші кезеңі аяқталды. Artline Kazakhstan командасы тамаша нәтижелер көрсетіп, үйлесімді жұмыс істеді, деп жазады Ertenmedia.kz..
Бірінші күні өткен квалификациялық кезеңде Шота Абхазава өз санатында үшінші орынды иеленіп, жоғары жылдамдығы мен трассадағы сенімділігін көрсетті. Жарысты белсенді бастаған Шота Абхазава мықты қарқын көрсетіп, команда үшін маңызды басымдық қалыптастырды. Егор Оруджевте квалификацияда жақсы нәтиже көрсетіп, жарыста жоғары орындар үшін табандылықпен күресті. Уақытында орындалған пит-стоптың және үйлесімді командалық жұмыстың нәтижесінде команда өз класында екінші орынға көтерілді. Нәтиже – лайықты күміс жүлдені иеленді.

Екінші күні Егор Оруджев поул-позициядан жарысты бастап, қатты бәсекелестік жағдайында тұрақты қарқын ұстады. Пилоттар ауысқаннан кейін Шота Абхазава трассаға шығып, жарыстың екінші бөлігін жинақы әрі сенімді өткізіп, кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Нәтижесінде команда тағы да екінші орынды иеленіп, кезеңдегі жетістігін нықтады.
Кезең қорытындысы бойынша екі күміс жүлде бұл екі пилот пен команданың сенімді әрі тұрақты жұмыс нәтижесі. Қос жеңіспен құттықтап, барлық жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс айтамыз!
Маусымның келесі бесінші кезеңі 10-12 қазан аралығында Испаниядағы Барселона–Каталония автодромында өтеді. Алға, бірге жеңіске!
