Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп жазады Ertenmedia.
2023 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін мәдениет және спорт министрі болған ол соңғы қызметін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор ретінде атқарған еді.
Ораловтың министрлік тұсындағы тоғыз айлық жұмысы аса шулы оқиғалармен есте қалмады. Ерекше жетістігімен де көзге түспеді, айқай-шу, дау-дамайдан да алыс жүрді.
Министр кезіндегі жалғыз есте қаларлық жайт Астанадағы көрмеде тәжік тауарларының талан-таражға түсуі болды. Бұл көрмені сол кезде Мәдениет министрлігі ұйымдастырған болатын.
Айта кетейік, Ораловтың әкімдік жүйесінде тәжірибесі бар. 2021-2022 жылдары ол Алтай Көлгіновтың орынбасары ретінде елорда әкімдігінде қызмет атқарған.
Ораловтың осы жолғы тағайындалуы өңірлердегі кадрлық ауыс-түйістердің жалғасы деуге болады.
Жақында Шымкент әкімдігінде де елеулі өзгеріс болып, әкім орынбасарлары ауысқан еді. Наурыз айындағы жанжал кезінде қоластындағы қызметкер Ерлан Жиембайдан зардап шеккен Руслан Берденов қызметінен кеткен болатын.