Елордада «Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы «Астана – есірткіге қарсы» айлығы жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл жолғы екпін жастар тұратын жатақханаларға жасалған профилактикалық рейдтер, есірткі жарнамасын онлайн кеңістікте бұғаттау және студенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, түсіндіру жұмыстары колледждер мен универлерде лекция, ашық әңгіме, интерактив форматында жүріп жатыр. Бүгінде телеграм-каналдар, аноним маркетплейстер, крипто-төлем, «координата тастайтын» курьерлік үлгілер есірткі бизнесінің көргін қыздурда. Сол үшін прокуратура, полиция және кинологиялық қызмет бірлесіп, жатақханалар мен күмәнді локацияларды нысанаға алды. Иісшіл иттер аула-ауланы, бос ғимараттарды шолып, жасырын «қоймалардың» ізін кесуде. Сарыарқа ауданы прокуратурасының өкілі Асылхан Әбітбеков айтқандай, міндет – тыйым салынған заттарды ғана емес, қауіпті құралдарды да (пышақ, шокер секілді) дер кезінде анықтау.
Бұл айлықтың тағы бір қыры – жасөспірімдерді «жеңіл табыс» уәдесімен «курьерге» айналдыратын іріленген желілерді үзу. Жылдам ақшаға арбалатындар, әдетте, қылмыстың ауыр салдарын ескермейді. Қылмыстық кодекстің тиісті баптары «жәй» тасымалдаушыны да жауапкершіліктен босатпайды.
Демек, түсіндіру жұмысы мұғалім мен тәртіп сақшысының ғана міндеті емес, ата-ананың, тіпті курстастар мен достардың азаматтық миссиясы. Қарапайым белгі – подъезд қабырғасындағы «код» пен «жасырын жазуды» хабарлау, күмәнді чаттарды бұғаттау, біреудің «оңай ақша» туралы ұсынысын дер кезінде әшкерелеу. Қоғамдық иммунитет осылай қалыптасады.
Есірткі жарнамасы цифрлық платформалардағы «атрибуттарды» шебер жасырады эмодзилер, зашифрланған сөздер, геомаркалар, уақытша аккаунттар. Мұнда киберқадағалау, платформалармен жедел байланыс, провайдер деңгейіндегі сүзгі, бигдатаны талдау, ал ең бастысы – жастардың цифрлық сауаты шешуші рөл атқарады. Кибербуллинг пен «күдікті чат» көбіне бір алаңда қатар жүреді. Сондықтан «Астана – есірткіге қарсы» айлығының «киберқауіпсіздік» компонентін ұлғайту – уақыт талабы.
Жатақханалардағы рейдтер заң шеңберінде, студенттің құқығы мен абыройын сақтай отырып жүргізілуі керек.
Айлық аяқталған соң да жұмыс тоқтамауы тиіс. «Заң және тәртіп» қағидаты дәл осындай ұзақ тынысты тәсілмен ғана қоғамның күнделікті дағдысына айналады.