Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек биыл іске асатын 55 инвестициялық жоба жайында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгінде Астанаға салынған инвистицияның көлемі 300 млрд теңгеге жуықтайды. Нәтижесінде 3,6 мыңға тарта жұмыс орны ашылған. Қалаға қаржы тарту мектеп пен емхана салумен шектелмейді. Өңдеу өнеркәсібі, көлік пен логистика сияқты нақты салаларға да көңіл бөлініп отыр.
Әкімдік Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың ұсыныстары қараған. Тізімде акватермальды кешен бар. Көтерме-логистикалық орталық салу да көтеріліп, қалдағы ЖЭО күлін қайта өңдейтін қондырғы жөнінде де сөз болған.
Осы үш бастаманың өзіне 31,5 млрд теңге инвестиция жоспарланыпты. Одан 400-ден аса жаңа жұмыс орны шығуы мүмкін.
Бұдан басқа елордада модульдік құрылымдар, қан алуға арналған вакуумдық жүйелер, мыс кабель, шыныпластиктен жасалған жең, полимер-композиттік жабын өндірісі іске қосу көзделген. Мұндай жобалар қала ішінде тауар мен қызмет түрін көбейтеді.
Осындай бастамалар қарқын сақталса, Астана тек құрылысымен емес, өндірісімен де күшейеді. Логистика дамыса, азық-түлік пен тауар бағасына да әсер етеді. Күл өңдеу сияқты жобалар экологияға да салмақ түсірмей, керісінше пайда әкелетіні сөзсіз. Ең маңыздысы, әр бастаманың арты нақты нәтиже берсін: ашылған есік, қосылған желі, жұмысқа тұрған адам.

