Астанада Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл орталықтың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушыларды қолдап, әлеуметтік ортаға қалыптасу үшін мүмкіндік жасау. Сондай-ақ олардың мектепке бейімделуіне, оқу процесіне толыққанды қатысуына, қауіпсіз ортада тең дәрежеде білім алуына жағдай туғызу.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен логопед, дефектолог, мектеп психологтары,педагог-ассистенттер түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Ашылған кабинет — лого массажы, тілашар, ақылды айна, ұсақ моторикаларымен жұмыс істеуге қолайлы орын.
Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» ЖШС қорының демеушілігімен ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.