Астана әкімдігі инфрақұрылымдық нысандарды салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл нысандар қаланы үздіксіз жылумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп мәлім етті Жеңіс Қасымбек.
– Соңғы екі жылда Астана жылыту маусымын алғаш рет жылу профицитімен өткізіп жатыр. 2023 жылы «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жаңа газ жылу станцияларының іске қосылуының арқасында ЖЭО-3 бірінші кезегінің жылу қуаты 30%-ға ұлғайды. Бұл қаланың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі уақытта ауаның орташа температурасы –10 –15 градус болған кезде жылу генерациясының профициті сағатына 1200 Гкал құрайды.
Бұдан басқа, «Телман» газ жылу станциясының құрылысы жүріп жатыр, келесі жылы «Оңтүстік-Батыс» МТҚ құрылысын бастаймыз, бұл қаланы 2035 жылға дейін жеткілікті жылумен қамтамасыз етеді, – деді Астана әкімі.
Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек жауапты қызметке кіріскен күннен бастап, бас қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысына баса мән беріп, бұл бағыттағы жұмыстардың жоспарға сай жүруін барынша көңіл бөліп келеді. Қала басшысы Жеңіс Қасымбек алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жоспарға сәйкес жүргізілетінін мәлімдеп, өз бақылауында ұстауда. Бұл бағытта әкімдік бірқатар маңызды жобалар іске асырғанын да білеміз.
Астана қаласы тұрғындары мен әлеуметтік нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды жұмыс. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды әкімдік, коммуналдық қызметтер және басқа да жауапты органдардың үйлесімді іс-қимылының арқасында сәтті жүзеге асуда.
Сондай-ақ, Астана әкімдігі 2023 жылы үшінші сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Ол қалаға тәулігіне 100 мың текше метрден астам су жіберуге мүмкіндік жасады, сондай-ақ Астана су қоймасынан екінші су құбырының құрылысы аяқталды.
Келесі жылы Нұра жер асты сулары кен орнынан су құбырын салуға, сондай-ақ Телман сорғы станциясын кеңейтуге кірісу жоспарланып отыр. Ұзақ мерзімді шаралар аясында Сәтбаев атындағы арнадан жаңа су құбыры жобаланып отыр. Осы жобаларды іске асыру 2035 жылға дейін қаланы тұрақты сумен қамтамасыз етеді.
Су бұру проблемасын шешу үшін 2025 жылы өнімділігі тәулігіне 188 мың текше метр КОС-2 құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сенімді су бұру ісін қамтамасыз ету мақсатында екі тұрғын алапта және Индустриялық парк ауданында жалпы қосымша қуаты тәулігіне шамамен 85 мың текше метр болатын үш жергілікті тазарту құрылысының жобалары әзірленіп жатыр.
Бүгінде Астана қаласының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту үшін заманауи жабдықтар орнатылып, энергия тиімділігін арттыру бойынша да тиісті шаралар қабылдануда. Бұл жылуды үнемдеуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Ең алдымен қалада энергия тиімділікті арттыру үшін жылу беру жүйелері жаңғыртылуда. Қалада орталықтандырылған жылу жүйелеріне заманауи технологиялар енгізіліп, жылу құбырларының тозығы жеткен учаскелері кезең-кезеңімен ауыстырылуда. Бұл жылу шығындарын азайтып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен қатар, қаладағы қазандықтар мен электр станцияларында жаңа жабдықтар орнатылып, олардың энергия тиімділігі арта түскен.
Бұдан басқа Астана қаласы коммуналдық қызмет өкілдері білім беру және денсаулық сақтау мекемелері де қатаң бақылауында. Қалада энергия тиімділікті арттыру шараларының табысты іске асуына тұрғындар арасында жүргізіліген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары оң әсер еткен. Соңғы уақыттары Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылуда. Бұл ретте астаналықтарға тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалану, жылу жүйелерін күтіп ұстау және ресурстарды үнемдеу туралы кеңестер беріледі.