Атырауда 12 қазанда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің ашылу салтанаты өтті. Жарыс 20 қазанға дейін жалғасады және классикалық шахматтан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі болмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Турнир ережесі мен қатысушылар
Турнир екі санатты қамтиды — Masters және Open. Жарыстар швейцариялық жүйе бойынша FIDE халықаралық рейтингін есепке ала отырып, тоғыз турда өтеді.
Қатысуға 23 елдің шахматшылары өтінім берді. Masters санатында Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Қытай, Әзірбайжан, Армения және басқа да мемлекеттерден 122 қатысушы тіркелген.
Басты үміткерлер
Рейтингі 2649 болатын өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов бастапқы тізімнің бірінші нөмірі болды. Сондай-ақ жеңіске үміткерлер қатарында үндістандық гроссмейстерлер Леон Люк Мендонка, Адитья Миттал және Пранав Ананд бар.
Қазақстанның намысын ұлттық құрама мүшелері қорғайды. Кезең қорытындысы бойынша Қазақстан кубогының финалына қатысуға мүмкіндік алатын үздік шахматшылар анықталады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







