Атырау облысында 2 ақпан мен 20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Шараның басты мақсаты қару айналымы саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау тобының қызметкерлері қызметтік қару сақталатын мекемелерге жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру кезінде қаруды сақтау, есепке алу, тіркеу және қайта тіркеу талаптарының орындалуы, сондай-ақ рұқсат құжаттарының заңдылығы зерделенді.
Нәтижесінде
5 мекемеде қару айналымы қағидаларын бұзу деректері анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі (азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) және 486-бабы 1-бөлігі (азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу, қайта тіркеу немесе есепке қою тәртібін бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Полиция департаменті қару иелері мен мекеме басшыларына қаруды сақтау және тіркеу талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

