Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен және электр желілерімен қамтамасыз ету деңгейі 99,9 пайызға жеткен. Яғни 713 мыңнан астам тұрғынның басым бөлігі негізгі коммуналдық игіліктерге қосылған. Бұл турасында Астанада Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өңір басшысы Серік Шәпкеновтің айтуынша, соңғы кезеңде электр желілерін жаңғыртуға басымдық берілген. Атырау қаласы мен аудандарда 302 шақырым электр желісі жаңартылыпты. Ескі сымдар ауыстырылып, апатты жағдайлар азайтуға бағытталған шаралар қабылданнып жатқанын естідік.
Әкім кездесуде журналситерге қуаттылығы 32 МВт болатын «Нұрсая-Самал» қосалқы стансасының құрылысы аяқталғаны да айтылғанын да айтты. Бұл жаңа ықшамаудандар мен халық саны өсіп келе жатқан аумақтарды тұрақты электрмен қамтуға әсер етуі керек. Жүйені автоматтандыру үшін 30 дана автоматты қайта қосу құрылғысы орнатылған әкім алға тартты.
Газ бойынша да қозғалыс бар. Атырау қаласының оң жағалауында сағатына 120 мың текше метр газ тарататын станцияның құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар 46 шақырым магистралды газ құбыры тартыла жатқанын білдік. Бұл жоба бітсе, жаңа тұрғын үй массивтері мен өнеркәсіптік аймақтарды газбен қамту мүмкіндігі кеңейеді.
Газ қысымының тұрақтылығы, қыс мезгілінде үзіксіз жылу беруді қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, инфрақұрылымды жаңарту туралы сөз нақты сандармен айтылып отыр, енді осы жобалардың сапасы мен ұзақмерзімді нәтижесін уақыт көрсетеді.

