Атыраудың құрылыс саласындағы кадрлық өзгерістер жалғасуда, деп хабарлайды Ertenmedia.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жоспарлы-экономикалық бөлімін басқаруға Ернар Қадырбай тағайындалды.
Қадырбай мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинаған. Ол еңбек жолын 2019 жылы облыстық жастар саясаты басқармасында методист ретінде бастап, кейін жастар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, сондай-ақ қаржы, құқық және ұйымдастыру бөлімдерінде бас маман қызметтерін атқарған.
2021 жылы ішкі саясат басқармасына ауысып, ақпараттық-талдау жұмыстары мен ұлтаралық қатынастар мәселесімен айналысты. Ал биылға дейін облыстық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметін атқарып келген еді.
Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының Құрманғазы ауданына іс-сапардан оралған бойда ұстаған болатын.
Ал 30-нан 31-ші қазанға қараған түні Құрманғазы ауданы Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

