Қазақстан аумағында күн жылынып, көктем тынысы біртіндеп сезіле бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидрометтің» дерегінше, республиканың батысынан шығысына қарай жылжып бара жатқан циклон жауын-шашын, көктайғақ пен жел екпінін күшейтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн райы әлі де тұрақталмай, қар аралас жаңбыр жауады.
Астанада күндіз –1…+1 °C аралығында қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ күтіледі. Түнде сынап бағанасы –3–5 °C-ты көрсетеді. Жел екпіні секундына 9–14 метрден, кейде 20 метрге дейін жетеді.
Алматыда күндіз +8+10 °C шамасында, ара-тұра жауын жауады. Түнде ауа температурасы +1+3 °C-қа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр мен тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр.
Шымкентте күн жылы: күндіз +15+17 °C, түнде +6+8 °C. Жауын жауып, тұман басады. Жел жылдамдығы секундына 7–12 метр, екпіні 20 метрге дейін жетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

