Бүгін Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балтаңдай» облыстық балалар өнер фестивалі басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірдің барлық аудан-қаласынан келген 9-15 жас аралығындағы жас өрендер екі күн бойы ән, би, сурет, терме, драма бағыты бойынша сайысады. Фестиваль – өнерге бейімі бар балалардың шығармашылығын қолдау, олардың талантын көпшілікке таныту және рухани дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Байқаудың әділ әрі кәсіби деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасы құрамына өнер мен мәдениет саласында тәжірибесі мол, беделді мамандар тартылған. Олар әр қатысушының орындаушылық шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, тақырыпты ашу деңгейіне және көркемдік…
Автор: editor
Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, қабылданған шаралардың арқасында кезекте тұрған 5735 азамат үйлі болды, ал биыл барлық бағыттар бойынша тағы 2026 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атап айтқанда, үш жылда Талдықорғанда 3135, Панфилов ауданында 687, Текелі қаласында 394, Кербұлақ ауданында 390, Алакөл ауданында 325, Ескелді ауданында 209, Көксу ауданында 175, Сарқан ауданында 145, Қаратал ауданында 143, Ақсу ауданында 132 отбасыға үй берілді. Соның 1400-і – көп балалы отбасы, 265-і – жетім балалар, 1643 тұрғын – әлеуметтік осал топтар санатынан. Бұл тұрғын…
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанадағы барлық емханада балалар денсаулығының алдын алуға бағытталған іс-шаралар басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ашық есік күндері аясында емханаларда хирург, ЛОР-дәрігер, көз дәрігері, невропатолог, тіс дәрігері, педиатр және басқа да мамандар кеңес береді. Сонымен қатар, балалардың қалауы бойынша аудиоскрининг жүргізіледі, сондай-ақ баланың даму кабинетін аралау қарастырылған. Барлық іс-шара «Дәрігер – балалардың жанашыры» ұранымен өтіп жатыр. Ашық есік күндері әр емханада әртүрлі күндері мен уақыттарда ұйымдастырылады. Барлық ақпарат медициналық ұйымдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланған. Толығырақ ақпаратты учаскелік дәрігерден алуға болады.
19-20 күндері Семей қаласында «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форум өтеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли жерлестерін форумға қатысуға шақырып, үндеу жариялады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңір басшысы өз үндеуінде Абай жерінің тарихына, оның ел игілігі жолында атқарған рөліне ерекше тоқталды. Құнанбай, Ақтайлақ билерден бастап, Абай мен Алаш арыстарының туған өлкесі бүгінде жаңғыру мен дамудың жаңа сатысына қадам басып отыр. Осы үдерісте әрбір жерлес азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті. «Еліміздің әр түкпірінде табысты еңбек етіп жүрген жерлестеріміз туған топырағына қолдау білдіріп, туған жердің өркендеуіне үлес қоса алады. Бұл – тек азаматтық парыз ғана емес, ұрпақ алдындағы аманат, елге…
Түркістанда 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айға созылатын акцияның ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов және спортшылар сөз сөйлеп, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасына сәйкес аймақта есірткіге қарсы күрес, жастарды қолдау жұмыстары жалғасуда. Ал бүгін Түркістан облысында…
Қазақстан өз финтех-тәуелсіздігін Ресейге тапсырудың сәл-ақ алдында тұр. «Модернизация» деген желеумен елімізде букмекерлік бизнесті толық бақылауға алатын жаңа жүйе енгізілуде. Бұл жүйе қаржылық ақпарат пен ақшалай ағындардың ресейлік құрылымдардың бақылауына өтуіне жол ашуы мүмкін. Цифрлық дербестігімізді сақтау орнына, мемлекет финтех секторын сыртқы ойыншыларға бере бастады. Қазір «Букмекерлердің бірыңғай есеп жүйесі» (ББЕЖ) арқылы бұл үрдіс заңдастырылуда. 2020 жылы басталған бастаманы алғаш Туризм және спорт министрлігі көтерген. Ол кезде Букмекерлік ставкаларды есепке алу орталығы құрылып, мемлекет пен букмекерлік компаниялар арасында делдал ұйым жұмыс істеуі тиіс еді. Бұл компания «Қазақтелекомның» экс-басшысы Қуанышбек Есекеевпен байланысты болған. Делдал мекеме саланың қаржы айналымының 4%-ын иеленбек болған.…
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Арал ауданындағы қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысына қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қызылорда облысы бойынша 60 мың гектар аумақ зерттелді. Оның 18 мың гектарын химиялық өңдеу қажет. Қазіргі таңда 11 700 гектар жер өңделді. Бұл жұмыстың барынша тез аяқталуын және сапалы орындалуын жеке бақылауымда ұстаймын», – деді министр. Мамырдың 26-сындағы жағдай бойынша, облыста үйірлі шегірткеге қарсы күрес жүргізілуде. Жоспарланған 19,654 мың гектардың 11,706 мың гектары өңделіп үлгерді. Зиянкестерге қарсы күреске 4 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті агрегат, 5 дрон және 45 арқаға асылатын бүріккіш құрал қолданылуда.…
Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты. Бұдан бөлек, несие жүйесімен 2025 жылы жалпы 2 082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 17 058. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасылар, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген. Жаңа Заңға сәйкес, 2025…
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл жоба тек жаңа ғимараттар салуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. «Мектептердің заманауи технологиялармен жабдықталуы, инклюзивті инфрақұрылым және қауіпсіз жағдай – өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алуына негіз болады», – деді аймақ басшысы. Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп физика, химия, биология, математика, информатика, тілдер мен музыка пәндері бойынша…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты жан-жақты қолдаудың, соның ішінде салалық білім беруді дамытудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Дәл осы мамандандырылған оқу орындарында ұлттық жарыстардан бастап халықаралық ареналарға дейінгі отандық спортшылардың болашақ жетістіктерінің іргетасы қаланады. Елімізде олимпиадалық резервтің 19 мамандандырылған мектеп-интернат колледжі жұмыс істейді. Оның 5-і республикалық, ал 14-і өңірлік. 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша спорттық оқу орындарын 1200-ден астам жас түлек аяқтап, ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын. 490 түлек республикалық оқу орындарын бітірді. 730-дан астамы – өңірлік мектептер мен колледждерден түлеп шықты. Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша көшбасшылар: Алматы қаласындағы РМҚК «Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі»…
