Энергі министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар мұнай-химия зауытының су тегінге сатылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер зауыттың бар-жоғы 500 млн долларға сатылуы мүмкін екені туралы әңгіменің рас-өтірігін сұраған еді. Министрдің айтуынша, Павлодар зауытын сату туралы Үкімет деңгейінде ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. «Бұл ма, бұл өтірік ақпарат. Үкімет деңгейінде мұндай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ. Кейбір сарапшының мем.активтерді «арзанға сатқалы жатыр» деген сөзі жалған», – деді Ақкенженов. Министр мемактивтерді бағалаудың бірнеше тәсілі бар екенін атап өтті. Оның бірі мүліктің нақты нарықтық құны бойынша бағалау болса, екіншісі EBITDA көрсеткішін арнайы коэффициентке көбейту арқылы экономикалық бағалау. «Мысалы, активтің EBITDA көрсеткішін беске көбейтсе,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақылы жол қалай төленеді? Қазіргі талап бойынша жүргізуші жеті күн ішінде жол ақысын төлемесе, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралып, сегізінші күні материалдар көліктік бақылау органдарына жолданады. Жаңа тәртіпке сай, төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылады. Яғни, тек 31-ші күннен бастап қана жауапкершілік шаралары қолға алынады. Ал заңды тұлғалар үшін арнайы ереже енгізілмек. Егер мекеме ақылы жол қызметінің ақысын келесі айдың 20-сына дейін өтемесе, келесі күннен-ақ тиісті материалдар көліктік бақылау органдарына беріледі. Бұған дейін жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек ережелер болмаған еді. Сарапшы Айбар Олжайдың айтуынша үкімет осылайша жүргізушілерге жеңілдік…
Жетісу облысы жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада үздік болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8% ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңге болады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. – Жетісу облысында биылғы он айдың қорытындысы бойынша барлық салаларда тұрақты өсім байқалады. Жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтауға толық мүмкіндік бар. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023-2024 жылдары 894 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі – 71,3% немесе 637 млрд. теңге. Жыл басынан облыс экономикасына 17,5%…
Түркістан облысы қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған жоба өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, жасыл энергетика үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама облыс экономикасының әртараптануына, инвестициялық тартымдылықтың артуына және экологиялық таза энергия өндіруге жол ашады. – Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен «жасыл экономикаға» көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі…
Елімізде ет экспортына квота енгізу мәселесі қызу талқыланып, депутат пен министр сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев үкіметтің шешімін ашық сынап, оны нарықтағы «лоббизмнің иісі шығатын» әрекет деп бағалады. Оның айтуынша, енгізілген шектеу салдарынан қарапайым шаруалар сыртқы нарықтан мүлде ажырап қалған. Қырықбаев Түркістан облысынан тек бір ғана компанияға экспорт жасауға рұқсат берілгенін мысалға келтірді. Қазір кәсіпорын тәулігіне небәрі 150-200 бас ірі қараны сыртқа шығаруда. Ал квота енгізілмей тұрған уақытта өңірден Өзбекстанға күн сайын 1000 бас мал жөнелтіліп келген. «Нәтижесінде, бір ғана компания Үкіметтің шешімімен еш негізсіз ерекше жеңілдікке ие болып отыр. Мұнда лоббизмнің иісі шығып тұр»,…
Елімізде ішкі сауда нарығы бәсеңдеп, тұрғындардың сатып алу қабілеті төмендеп барады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Halyk Finance аналитиктерінің зерттеуінше, биылғы 11 айда ішкі сауда 8,8%-ға өскен. Қазан айындағы көрсеткіш 9%-ды құраған болатын. Ел экономикасында маңызды орын алатын сауда секторы жалпы ішкі өнімнің 16,7%-ын қамтиды. Саладағы негізгі үлес көтерме саудаға тиесілі оның үлесі жалпы айналымның үштен екі бөлігінен асады. Көтерме сауданың өсіміне мұнай өндірісі, ішкі нарыққа жеткізілімдердің артуы және мемлекет шығындары есебінен өнеркәсіптік тауарларға жоғары сұраныс әсер етуде. Дегенмен мұнда да баяулау байқалады: қараша айында көтерме сауданың өсімі 9,4% болды, ал алдыңғы айда 9,7%-ды көрсеткен еді. Сарапшылар жыл соңына қарай базалық әсер…
«Транстелеком» компаниясының бақылау пакетін сату ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы сарапшы Алма Төлебаева мәлімдеді. Оның пікірінше, ұлттық оператордың стратегиялық маңызы ескерілмей, сауда тек коммерциялық жоба ретінде қарастырылып жатыр. Сарапшы «Транстелекомның» әу баста «Қазақстан темір жолы» компаниясының байланыс бөлімшелерінің негізінде құрылғанын еске салды. Компанияның тарихы ДГП «Головная дистанция связи» мекемесінен басталған. Ұйым кезінде теміржолдағы телефон, телеграф байланысын, автоматика жүйелерін қамтамасыз етіп, пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей жауап берген. 1999 жылы дербес оператор ретінде бөлінгенімен, әлі күнге дейін ұлттық тасымалдаушы КТЖ-ның негізгі серіктесі әрі байланыс қызметтерін эксклюзивті түрде ұсынатын бірегей мекеме болып қалды. «2016 жылы «Транстелекомды» жекешелендіру басталды.…
Қазақстанда коучтердің қызметін реттейтін стандарт енгізіліп, арнайы реестр жасақталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенатордың депутаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді. Жаңа стандарт күшіне енген соң, Қазақстанда коуч ретінде қызмет еткісі келетіндер Халықаралық коучинг федерациясының (International Coaching Federation, ICF) сертификатын алуға міндеттеледі. «Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйым ICF Kazakhstan бірлесе отырып, «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт әзірленді. Қазір құжат Ғылым және жоғары білім министрлігінде бекіту кезеңінен өтуде», – деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, стандарт коучингтің тоғыз бағытын қамтиды. Атап айтқанда, бизнес-коучинг, мансаптық коучинг, лайф-коучинг, командалық коучинг, көшбасшылық коучингі, денсаулық пен wellness саласындағы коучинг, кәсіпкерлерге арналған коучинг, білім беру…
Үкімет жаңа жыл қарсаңында нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар шараларды қолға алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы 14 желтоқсанда вице-премьер Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Қарашада азық-түлік бағасының өсімі қазан айымен салыстырғанда өзгеріссіз – 1% шамасында қалса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 0,9%-ға баяулаған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы соңғы төрт аптада тұрақты, еш өзгермеген. Жиында жылыжай өнімдерінің, әсіресе қызанақ пен қиярдың бағасына ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин бұл мәселені шешу үшін шекарадағы өткізу пункттерінде Түркіменстаннан жеткізілетін көкөніске «жасыл дәліздер» ашуды тапсырды. Осы арқылы өз жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарға қызанақ пен қияр тұрақты әрі…
Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай шешім облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында қабылданды. «Қазгидромет» дерегінше, өңірдегі қолайсыз ауа райы мен қатты жел ертең кешке дейін сақталады. «Ең басты міндет тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді аймақ басшысы. Желтоқсанның 14-іне қараған түні Атырау облысында күшті циклон жүріп, дауылды жел көтерілген. Облыстағы барлық коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимге көшті. Бұған дейін Атырауда дауыл мен көктайғақ салдарынан бірнеше төтенше оқиға тіркелген болатын. Қалада электр желісі үзіліп, тұрғын үйлердің кейбір бөліктері зақымданған. Сонымен қатар көлік құралдарына да айтарлықтай…










