Алматыда ірі көлемде пара алу ісіне байланысты тергеу басталды. Әңгіме Астанада лауазымды қызмет атқарған бірнеше шенеунікке қатысты болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің атап өткеніндей Еңбек министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» қазіргі және бұрынғы басшысы, бұдан бөлек «Бірінші кредиттік бюроның» директоры тергеу назарына іліккен. Тергеу барысында «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызмет көрсету кезінде өз мүддесін өткізу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшылығына жүйелі, ұдайы түрде заңсыз сыйақылар бергені анықталған. Агенттіктің ресми мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 28 маусымында 75 мың доллар пара беру кезінде мына тұлғалар қолға түскен:…
Автор: Асылхан Бөрібай
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Бакудегі елшісі Михаил Евдокимовты шақырып, Мәскеудің соңғы уақыттағы бірқатар әрекетіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуді Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Әзімов өткізген. Жүздесуде негізгі талқыға түскен мәселе Екатеринбур қаласында әзербайжан азаматтарына қарсы жүргізілген рейд. Министрлік Ресей полициясының операциясын «заңсыз әрі этникалық кемсітушілік сипатқа ие» деп бағалап отыр. Әзербайжан жағының айтуынша, 27 маусымда Екатеринбурде өткен арнайы операция кезінде екі әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы бірнеше адам ауыр жарақат алған. Министрлік осы оқиға бойынша Кремльдің түсініктемесін жеткіліксіз деп есептейді. Себебі, қаза тапқандардың денесінде зорлық-зомбылық ізі бар. Оған қоса ресейлік медиада әзербайжандарды «этникалық қылмыстық топ» деп…
Түркістан облысында еңбек қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 834 азаматтан арыз-шағым түсіп, соның негізінде 174 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 403 заң бұзушылық анықталып, 173 нұсқама берілген. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Амангелді Әліш мәлімдеді. – Биылғы жылдың 6 айында облыста 20 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 23 адам зардап шекті. Өкінішке орай 3 адам жұмыс орнында қайтыс болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 13 пайызға азайып отыр. Бұдан бөлек, биыл жыл басынан 6 кәсіпорында 4890 жұмыскер алдында 454,7 млн теңге жалақы қарызы анықталып, толықтай өндірілді. Сондай-ақ, облыста шетел жұмыс…
Болат Назарбаевпен байланысы бар компанияның Бурабай ұлттық паркінде орналасқан шұрайлы жері мемлекетке қайтады. Бұл туралы Ertenmedia хабарлайды. Ақмола облысының Жер департаменті «КИК-Астана» ЖШС-мен жасалған келісімшартты заңсыз деп тану үшін сотқа талап арыз берген. Іске Болат Назарбаевтан бөлек, Нұрбол, Ханболат, Хантөре Назарбаевтар, Альбина Назарбаева және Бурабай ауданының Жер қатынастары бөлімі тартылған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бұл іс Ақмола облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде қолға алынған. «Қазір прокуратура ұсынысымен заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Соның аясында департамент «КИК-Астана» ЖШС иеленген жер теліміне қатысты сотқа арыз түсірген. Алайда сот қосымша материал қажет деп, арызды кері қайтарды. Қазір құжатты толықтырып,…
Алматыда мемлекеттік меншіктегі ірі ғимараттың күмәнді жолмен жекешеленгені анықталды. Құны 2,6 млрд теңге тұратын «Баспалар үйі» 2016 жылы небәрі 343 млн теңгеге жеке қолға өтіп кеткен. Алматы прокуратурасының талабы бойынша ғимарат сот арқылы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұрын Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты болған нысан кәсіпкер Ербол Назаровтың меншігіне аукцион арқылы өткен. Бастапқы бағасы 2,6 млрд теңге деп көрсетілгенімен, ғимарат бар болғаны 343 млн теңгеге сатылып кеткен. Сол тұста министрлік басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы болған еді. Арзан бағаға сатылып кеткені былай тұрсын, кейін ғимарат бірнеше рет басқа адамдардың қолына көшіп, ақыры Майраш Мырзабекованың атына тіркелген. Бұл іске прокуратура араласып, тексеру…
Қазақстанда жаңа салынған үйден пәтер сатып алушыларға қойылатын талап күшеймек. Ұлттық банк құрылыс компанияларының «сұр схемасына» тосқауыл қою үшін дольщиктерге тек банк арқылы төлем жасауды міндеттемекші, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында Ұлттық банк жариялаған жаңа құжат жобасында айтылған. Енді салынып жатқан көппәтерлі үйлерден немесе жеке тұрғын үй кешенінен үлес сатып алу үшін төлем тек банк арқылы жүзеге асады. Қолма-қол ақша айналымына тыйым салынады. Жаңа талаптың негізгі мақсаты тұрғындарды алаяқтар мен заңсыз құрылыс компанияларынан қорғау. Ақпан айында осы мәселеге Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин егжей-тегжейлі тоқталған болатын. Министрдің айтуынша, жаңа тәртіп саланы ашық әрі таза ету үшін жасалып…
Астанада Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Президент көмекшісі Ержан Жиенбаевтың қатысуымен кассациялық соттың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Рәсімге Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев және Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты. Салтанатты жиында сөз алған Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру және инвестициялық климатты жақсарту мақсатындағы сот реформасын жүзеге асыруға ерекше мән бергенін айтты. Жоғарғы Сот Төрағасының пікірінше, кассациялық соттың ашылуы сот жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңі. Бұл қадам сот төрелігінің сапасын арттыруға және әділдік стандарттарын көтеруге бағытталған. Мемлекет басшысының Жарлығымен кассациялық соттарға…
Қазақстанда әуе техникасына қызмет көрсететін жалғыз авиациялық орталық жабылудың аз алдында тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz КТК арнасына сілтеп. Елдің Әуе қорғаныс күштерінің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етіп келген кәсіпорын бір жылдан бері тоқтап қалған. Мұның соңы миллиардтаған шығынға әкеп соғып, білікті мамандардың сырт елдерге кетуіне себеп болып отыр. Отыз жылдық тәжірибесі бар, отставкадағы полковник Мәжит Исабаевтың айтуынша, кәсіпорынның жұмысы зауыттың бұрынғы басшыларының үстінен қозғалған қылмыстық істен кейін тоқтап, барлық есепшот бұғатталған. «Қазір жұмыс жоқтың қасы. Бұрын 180-ге тарта қызметкеріміз болған еді. Оның 150-і жағдай ушыққан соң жұмысын тастап кетті. Көбі жалақыдан қағылған соң, амалсыз шетел асып, басқа жерден нәпақа табуға мәжбүр.…
Ақтаудағы әуе апатына Ресей әскерилерінің қатысы болуы мүмкін деген жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Minval Politika редакциясына аты-жөнін көрсетпеген дереккөзден құпия хат түскен. Онда Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен әуе қорғанысы күштерінің ұшақты атып түсіргені туралы мәлімет бар. Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген. Түсініктемеде капитан Паладичук: «Мен, Паладичук Дмитрий Сергеевич, 274-жаттығу бөлімінің командирі ретінде 24-25 желтоқсан аралығында Грозный қаласын қорғау бойынша әскери кезекшілікте болдым. Телефон арқылы «нысананы жой» деген бұйрық түсті. Тұман өте қою болғандықтан, нысана оптикадан көрінбеді, бұл туралы басшылыққа хабарладым. Сағат 08:13:30-да операторға оқ атуға бұйрық бердім. 08:13:33-те зымыран ұшырылды.…
Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты екінші дүниежүзілік соғыстың қанды сабақтары негізінде құрылған ұйымның қазіргі қызметі – дау мен күмәннің нысанына айналғаны жасырын емес. Осы ретте сайтымыздың саяси сарапшысы Айнұр Абайқызы Женевада орналасқан БҰҰ өкілдігінің басшысы, Швейцария халықаралық қатынастар форумының вице-президенті Давид Чикваидзені әңгімеге тартып, сұхбаттасқан еді. Давид Чикваидзе мырза тек шенеунік емес, сонымен қатар жүйенің ішінен сын көзбен қарай алатын интеллектуал. Сол себепті дипломатиялық риторикадан бұрын концептуалдық рефлексия аясында өрбіген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. – Давид мырза, қазір әлемдік геосаяси архитектура ауысып жатқан тарихи сәтте БҰҰ қандай күйді бастан кешуде? Ұйым әлі де халықаралық қатынастарды реттей алады ма? – Сұрағыңызға рахмет, бірден…
