Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жетекшілік ететін болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Бұған дейін Смадияров Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған еді. 2013 жылдан бері дипломатиялық салада табан аудармай еңбек еткен ол министрліктің ақпараттық саясатына жауапты болды. Он жыл ішінде бірінші хатшыдан баспасөз қызметінің басшысына дейін көтеріліп, биылғы ақпанда СІМ ресми өкілі ретінде танылды. Дипломатиялық тәжірибесі мол маман бұған дейін Қазақстанның Мажарстан мен Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеген. Ол орыс, ағылшын және түрік тілдеріне жетік. Смадияровтың СІМ-нен кетуі министрліктегі кадрлық ауыс-түйіспен тұспа-тұс келді. Қыркүйекте Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қызметінен кетіп, Президент…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. 18 мәселе қаралды Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Түркістан облысының білім басқармасы басшыларының есептері тыңдалды. Депутаттар мемлекеттік орган басшыларының есептерін тыңдап, жұмысты одан әрі жандандыру бойынша шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді. Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты…
Елорданың Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ғылыми-сараптамалық тобы мен жас ғалымдар клубының Тәуелсіздік күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан» атты кеңейтілген отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, жас ғалымдар және студенттер қатысты. Тәуелсіздік күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған іс-шараның басты мақсаты еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдеріне шолу жасау, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жастар арасында патриоттық сезімді тәрбилеу болып табылады. Жиынға модераторлық еткен ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Тілеген Садықов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті…
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сәйкес, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы аумағында қолайсыз ауа райы жағдайлары орын алуда. Өңірде көктайғақ, бұрқасын, қатты қар, тұман байқалады, сондай-ақ облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуде. Осыған байланысты автожолдарда көктайғақ пайда болып, көріну нашарлауда, бұрқасын салдарынан жолдардың жекелеген учаскелері жабылуда. Қолайсыз ауа райына байланысты 14 желтоқсанда келесі автожол учаскелері жабық: – «Орал – Атырау» тас жолы; – «Үлкен Шаған – Переметный» тас жолы. Жабылу себебі – күшті бұрқасын. Сағат 11:30-дағы жағдай бойынша қолайсыз ауа райына байланысты облыста бірқатар…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «SCIENCE 0+» халықаралық ғылым фестивалі жалғасуда деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылымды кеңінен насихаттауды мақсат еткен екі күндік іс-шараға мектеп оқушылары, университеттің оқытушылары, жас ғалымдар, студент жастар қатысып жатыр. Халықаралық фестиваль ғылым мен білімге қызығушылықты арттырып, жас буынды зерттеушілікке баулуға бағытталған. Фестиваль бағдарламасы мазмұнға бай әрі түрлі бағыттарды қамтиды. Қатысушылар үшін түрлі бағыттағы шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, ғылымның заманауи жетістіктеріне арналған қызықты тақырыптарда дәрістер оқылды. Сонымен қатар жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылып, олардың идеялары көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында көрермендерге арналған химиялық шоулар көрсетіліп, тәжірибелер арқылы ғылымның қызықты қырлары паш етілді. Сондай-ақ әлемдік кинотуындыларға ғылыми…
Атырау облысы әкімінің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, қолайсыз ауа райының салдарын жою және аймақтың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қазгидромет мәліметінше, бүгін Индер ауданында желдің екпіні 30 м/с-қа, Атырау қаласында 24 м/с-қа дейін жеткен. Түнде облыс бойынша жел 23–28 м/с-қа күшейіп, ертең күндіз 18 м/с, кешке қарай 15–18 м/с болады деп күтілуде. Сол себепті барлық қызмет күшейтілген режимдегі жұмысты жалғастыруда. Төтенше жағдайлар департаменті ұшқан шатырларды жинау және демонтаж жұмыстарын ұйымдастырды, автожолдардың жекелеген учаскелері жабылды, тасжолдарға кезекшілік қойылып, жылыну қосындары ашылды және құтқару бригадалары жұмылдырылды. Облыс аудандарында бірқатар нысанға зақым келген. Индер ауданында 6 нысанның…
Ашхабадта өткен халықаралық форумда ТМД елдері делегациялары басшыларының басым бөлігі дәстүрлі түрде орыс тілінде сөйлеген деп жазады Ertenmedia.kz. Мұны Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та ашық айтты. Оның сөзінше, форум барысында орыс тілін пайдаланбаған екі ел ғана болған. Олар Грузия мен Армения, – Форумда негізгі жұмыс тілі орыс тілі болды. Бірақ Грузия мен Армения өкілдері өз баяндамаларын бұл тілде жасаған жоқ, – деді Ушаков. Бұл әр елдің саяси ұстанымы мен өз орнын қалай көретіні туралы белгі. Ашхабадтағы мінберде кімнің қай тілде сөйлегені сол елдің қай бағытқа қарап отырғанын аңғартты. Бірі ортақ кеңістікті сақтауға бейіл, енді бірі бұрынғы байланыстардан алыстауға тырысады.…
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтерінің бірқатар елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарынның қуанышын бөлісіп, құттықтады. – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздағы шалғай елді мекендердің таза ауыз суға қол жеткізуі – мемлекетіміздің халық игілігі жолындағы табанды еңбегінің нақты нәтижесі. Президентіміздің тапсырмасы аясында мемлекетке қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы жоғары жобаларға бағыттау – елдің әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бүгін іске қосылған жаңа ауыз су жүйесі мыңдаған тұрғынның…
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық көліктің кілтін табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімдік үшін медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық базасын күшейту негізгі бағыттың бірі болып қала береді. Жедел жәрдем көлігі уақыт оздырмай жетсе, алғашқы көмек те ертерек көрсетіледі, ал кей жағдайларда минуттың өзі шешуші болады. Берілген көліктер Hyundai STARIA маркалы, толық медициналық жабдықпен жасақталған. Комплектациясында кардиограф, дефибриллятор мен монитор, өкпені жасанды желдету аппараты, электрлік сорғыш, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныс қалқандары бар. Мұндай жиынтық жол үстінде-ақ науқастың жағдайын бақылап, шұғыл әрекет жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе жүрек ұстамасы, тыныс жетіспеушілігі,…
Алматы қаласында есірткі қылмысына қарсы күрес күнделікті нақты әрекетке айналған. Жыл басынан бері қалада шамамен 600 есірткі қылмысы анықталды. Соның 260-тан астамы тікелей сату фактілеріне қатысты. Әрбір істің артында бір тағдыр, бір қауіп бар деген сөз. Осы істер бойынша 440-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 28 шетелдік азамат бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала полициясы қазір есірткінің тек көшедегі емес, экранның ар жағындағы жолдарын да бақылауға алған. Байланыссыз тарату, жасырын қоймалар, электронды төлемдер, криптовалюта бәрі назарда. Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев осы бағыттағы жұмыстың қалай жүріп жатқанын ашық айтып отыр. – Біз…










