Бүгін 1 шілде күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні» атты кең ауқымды облыстық мерекелік флешмоб ұйымдастырылды. Аталған шара – халқымыздың төл өнерін дәріптейтін, мәдени сабақтастықты насихаттайтын маңызды мәдени оқиға болды, — деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл тарихи сәтте 5000 адам – кәсіби музыканттар, мектеп оқушылары, студенттер, өнер сүйер қауым – бір мезетте қос күйді орындап, ел тарихында бұрын-соңды болмаған рекордқа қол жеткізді. Аталған жетістік Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы Қайрат Тазабековтың қатысуымен ресми түрде тіркеліп, жаңа рекордты растайтын сертификат Жетісу облысының әкімдігіне табысталды. Бұл – тек Жетісу өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі…
Автор: Асылхан Бөрібай
Премьер Бектенов ауыз сумен қамту мәселесінде кемшілік көп екенін мойындады. Оның мәліметінше, биылғы жарты жылдың өзінде мем. органдарға тұрғындардан су мәселесіне қатысты 30 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Бұл туралы Ertenmedia хабарлайды. Жезқазған қаласындағы жағдайды мысалға келтірген премьер, ондағы ауыз су сапасы соңғы он жыл бойы жақсармай отырғанын жеткізді. Қаладағы су тазалау жүйесінің құрылысы тым ұзаққа созылып, тұрғындар тарапынан наразылық күшейген. «Жезқазған тұрғындары ауыз судың сапасына жиі шағымдануда. Қаланың су тазарту жүйесінің құрылысы 10 жылдан бері аяқталмаған. Осыған орай Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп, Жезқазған қаласындағы жобаны қаржыландыру мәселесін 2025 жылдың 1 тамызына дейін шешуді…
Қытай халық республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қытайлық бизнес өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы бес екіжақты меморандумға қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсімі Қытайдың жетекші компаниялары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінде өтті, — деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде. ҚХР астанасында медицина, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және газ-химия салаларын қамтитын бес меморандумға қол қойылды: «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум – медициналық инфрақұрылымды дамытуға және денсаулық сақтау саласында технологияларды бейімдеуге бағытталған. «Yino»…
5 шілде күні Қонаев қаласындағы Heaven Club демалыс аймағында ашық суда жүзуден халықаралық OCEANMAN-2025 жарысы өтеді. Аталған іс-шара – жаз мезгіліндегі маңызды спорттық оқиғалардың бірі болып саналады, — деп хабарлайды Ertenmedia. Қалада OCEANMAN жарысы 2022 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында жарыс Қазақстан аумағындағы ғана емес, шетелдік спортшылар арасында да танымалдыққа ие болды. Қатысушылар саны жыл сайын артып, қатысушы елдердің географиясы да кеңеюде. 2022 жылы жарысқа 1 200 адам қатысса, олардың 275-і – 18 жасқа дейінгі жас жүзгіштер болды. Бұл жылы жарысқа 8 шет мемлекеттен спортшылар келген. 2023 жылы қатысушылар саны 1 800 адамға жетіп, оның 543-і –…
Astana English School халықаралық мектебінің басшылығы үстінен ірі көлемдегі бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды деп жазады Ertenmedia. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, мектептің бұрынғы директоры мен бас бұғылтыры 900 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз иемденген. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, қаражаттың бір бөлігі ата-аналардан нөлінші сыныптарға оқу ақысы мен жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол жиналған, алайда мекеменің ресми шотына түспеген. Күдіктілер жиналған қаржыны толығымен өз мақсатына жұмсаған. Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге «жалған қызметкерлердің» нақты жұмыс істемеген, яғни мекемеде тек қағаз жүзінде ғана тіркелген адамдардың шотына аударылған. Тергеу олардың арасында күдіктілердің туыс-туғаны болғанын анықтады. Жымқырылған қаржыға күдіктілер жалпы құны…
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда. 2025 жылы арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен өңірде 14 жаңа медициналық мекеме бой көтеруде. Оның 3 жергілікті медицина қызметкерлеріне қолданысқа берілді. Бұл жобалар 14 мыңнан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа нысандардың қатарында — 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және 3 медициналық пункт бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл қадамдар шалғай ауылдарда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, жалпы ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын дәрігерлік амбулаториялар келесі ауылдарда орналасқан: Алмалы…
Президент Тоқаевтың мем. басқару жүйесін жетілдіру туралы жарлығына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) таратылып, оның функциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) берілді деп хабарлайды Ertenmedia. Құжатқа сәйкес, ҰҚК құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствосы құрылып, оған жедел-тергеу функциялары жүктеледі. Жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, тәуекелдерді талдау және профилактикалық жұмыс Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тапсырылды. Осылайша, бұған дейін жеке агенттік ретінде жұмыс істеп келген жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыреті екі ведомствоға тең бөлініп отыр. Аталған екі ведомство біржолата тараған мекеменің құқықтық мұрагері ретінде белгіленді. Президент тапсырмасына сәйкес, үкімет осы өзгерістен туындайтын заң жобасын Мәжіліске 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынуы тиіс. Президент әкімшілігі…
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдердің басын қосып, педагогтерді қызметтік міндетінен тыс жұмыстарға тартудың заңсыздығын түсіндірмек деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, әкімдер заң талаптарын жиі елемейді, сондықтан оларға заңды тағы бір мәрте түсіндіріп, ескерту қажет. «Біз педагогтерді міндетіне кірмейтін жұмысқа тартуға заң жүзінде тыйым салынғанын талай рет ескерттік. Бұл мәселені министрлік өкілдері бірнеше рет көтерсе де, аудан, қала деңгейіндегі әкімдер заң нормасына бағынбай отыр. Сондықтан тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдерді жинап, педагог мәртебесі туралы заң бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отырмын. Қажет болса, заң мәтінінен үзінділерді де қолдарына ұстатамыз», – деді министр Мәжіліс кулуарында. Еске сала кетейік,…
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қылмыстық процестерді цифрландыру аясында маңызды қадам жасады. Енді qamqor.gov.kz порталында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің «Жария сектор» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жүйенің басты мақсаты сотқа дейінгі тергеу барысын электрондық форматта жүргізу, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың қашықтан, онлайн режимде өз құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануына жағдай жасау. Комитеттің хабарлауынша, бұл жүйе бойынша ақпаратқа қол жеткізу шектеулі түрде жүзеге асырылады. Яғни, қылмыстық процестің қатысушылары тергеп-тексеруші орган тарапынан олардың тиісті мәртебесі расталғаннан кейін ғана іс материалдарын ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес көлемде қарай алады. Жаңа ақпараттық жүйенің…
1 шілдеден бастап қазақстандық банктер, банктердің шетелдік филиалдары, Қазақстан даму банкі мен «Қазпошта» Ұлттық банкке азаматтардың шоттары мен салымдары бойынша жаңа тәртіппен есеп бере бастайды деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа ереже бойынша қаржы ұйымдары Ұлттық банкке төмендегі мәліметтерді тұрақты түрде ұсынуға міндетті: Шот немесе депозит иесі туралы ақпарат Бұл есеп әрбір жеке және заңды тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге, халықаралық қаржы ұйымдары мен заңды тұлға құрмаған компанияларға қатысты толтырылады. Мәліметтерді 10 жұмыс күн ішінде беру талап етіледі. Шот немесе депозит келісімшарты туралы есеп Қаржы ұйымдары мен клиент арасындағы барлық келісімдер, соның ішінде жаңадан ашылған, мерзімі аяқталған немесе өзгеріске ұшыраған депозиттер мен…
