Сауран ауданында «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аталып өтті. Бастама аясында Оранғай ауылдық округінде экологиялық тазалық шарасы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Аталған шараны аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі бірлесе ұйымдастырып, жергілікті тұрғындар мен жастар, еңбек ұжымдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер атсалысты. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника тартылды. Қарашық өзенінің 7 шақырымдық жағалауы тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай арнайы қатысып, жиналған тұрғындарға өзінің алғысын білдірді. Ол өз сөзінде табиғатты сақтау – ел болашағына деген қамқорлық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларды осындай игі бастамаларға белсене…
Автор: Асылхан Бөрібай
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай сапары барысында Цзянсу провинциясының басшысы Сюй Куньлиньмен кездесті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нариман Төреғалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің биыл маусымда өткен «Қытай – Орталық Азия» саммитіндегі келіссөздерін тілге тиек етті. Сол жиында Бейжің басшысы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктес ретінде көретінін атап өткен. «Бізді ғасырлардан жеткен тарихи байланыс, тату көршілік пен өзара құрмет біріктіреді. Батыс Қазақстан – еліміздің Батысқа бағытталған негізгі қақпасы. Қытаймен арадағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы біздің өңір үшін ерекше маңызға ие. Сондықтан өзара тиімді жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделіміз», – деді облыс әкімі. Цзянсу провинциясының басшысы Сюй Куньлинь екі…
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы ҚР Бас прокурорының бастамасымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күнін» өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia. Іс-шара «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді жедел шешу және халықпен ашық диалог орнату мақсатын көздеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының өкілдерімен қатар жергілікті атқарушы органдар да қатысты. Ашық есік күні аясында азаматтар тұрғын үй, еңбек, әлеуметтік және қылмыстық құқық салаларына қатысты сұрақтар қойып, білікті кеңес алды. Шараның ашық әрі тиімді форматта өтуіне жергілікті билік те атсалысты. Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев бұл бастаманың халыққа қажетті әрі пайдалы екенін атап өтті. «Бұл…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды Ertenmedia. Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қ. Қайсенов кентінің жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталады. Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддер қаласының жылу желілерінің ең қатты тозған 5,9 км учаскесін күрделі жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр. Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 км жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған. «Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт…
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі — Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңызды құралы ретінде өңірлердің тікелей ынтымақтастығын дамыту қажеттігін үнемі атап өтеді. Jiangsu SOHO Holding Group 380-нен астам кәсіпорынды біріктіріп, халықаралық сауда, логистика, тоқыма өнеркәсібі, «ақылды» өндіріс және қаржыландыру саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Компанияның сыртқы экономикалық операцияларының жылдық көлемі 11 миллиард АҚШ долларынан…
Арал ауданында Көкарал бөгеті қайта қалпына келтіріліп жатыр. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бөгеттің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 14 мамырдағы аймаққа жұмыс сапарында Үкімет пен облыс әкімдігіне «Көкарал» бөгетін қалпына келтіруде шұғыл шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Осы тапсырма бойынша «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жобаның жалпы құны – 4,5 млрд теңге. Тапсырыс беруші – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жобаның мердігері – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы. Жобаны іске…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ. Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі…
Орталық Азия – бұл картаның үстіндегі ғана аймақ емес. Бұл – тағдырлас тарихтың, күрделі геосаяси реалдылықтың және енді қалыптасып келе жатқан жаңа экономикалық альянстың атауы. Жиырма бірінші ғасырда аймақтың ендігі тағдыры «жеке-дара күресу» емес, «ұжым болып ықпал ету» формуласына айналып келеді. Әсіресе Қытаймен әріптестіктің жаңа белесі аймақтағы мемлекеттерді біріктірудің ынталандырушысы ретінде көрінуде. Міне, осы мәселелерді «Жаһан жайы» жүргізушісі Индира Тұрсынбай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарыммен жан-жақты талқылады. – Айдос мырза, Қазақстан мен Қытайдың саяси байланыстарының жаңа форматына қарап, Бейжің тарапынан ерекше қызығушылық байқалып отыр. Бұған Си Цзиньпин мырзаның біздің елге жиі…
Қазақстандық режиссер, клипмейкер және продюсер Медет Шаяхметов АҚШ-та Gucci Mane лақап атымен танымал әншіге клип түсіріп берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Медет Шаяхметов 1993 жылы 12 шілдеде Ақмола (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «монтаж режиссурасы» мамандығы бойынша оқи бастады. Кинематография саласында халықаралық деңгейде жұмыс істейтін Медеттің қызметі негізінен шетелде. Ол – PBC Worldwide халықаралық продакшн-компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі. 2019-2020 жылдары ол АҚШ-та білім алып, Нью-Йорк қаласында One Year of Filmmaking бағдарламасын, ал Лос-Анджелесте New York Film Academy академиясында киноөндіріс саласы бойынша бейнелеу өнері бакалавры (BFA) дәрежесін иеленді. Оның оқуына Saby Charitable Foundation…
Ілияс Бақтығалиев дейтін саясаттанушы әйгілі Жұмабек Тәшеновке қатысты қалыптасқан қоғамдық пікірді теріске шығарып, тосын мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, саясаткердің есімі ел арасында ешбір дәлелсіз, әсіреленіп, мифке айналған. Оның тарихи тұлғасына терең бойламай жатып, пір тұтатын қауым көп. «Кей тарихи тұлғалар ешбір дәйексіз культ деңгейіне көтерілді. Соның бірі Жұмабек Тәшенов. Оны бүкіл кеңестік жүйеге қарсы келген көзсіз батыр ретінде сипаттайды. Хрущёвтің алдында қасқайып тұрып, қазақ жерінің Тәшкентке берілуіне жеке өзі тосқауыл болды деген әңгіме кең тараған. Бірақ осы оқиғаның нақты тарихи құжаты қайда? Жиын-шардың протоколы, оның пікірін растайтын стенограмма бар ма? Шын мәнінде, мұндай бір-бірде ресми құжат жоқ. Бар…
