Автор: editor

Хит әндердің орындаушысы, танымал қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевтың Латвияға кіруіне тыйым салынған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тыйым туралы Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, мұны Латвияның сыртқы істер министрі Байба Браже мәлімдеген. Оның айтуынша, Абылаев Латвияда «қалаусыз тұлға» саналады. Бұл туралы ол X парақшасында жазған. Артынша оның мәлімдемесі Латвия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында расталған. Айта кетейік, Jazzdauren лақапатымен өнер көрсететін әншіге Иммиграция туралы заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға белгісіз мерзімге кіруге тыйым салынған. «9 наурызда әртіс Латвияның Даугавпилс қаласында концерт өткізуі керек еді. Әзірге әншінің Instagram парақшасында бұл туралы ешқандай түсініктеме болған жоқ», — деп жазылған мәліметте. Әнші туралы не белгілі? Өнер иесінің…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс және мұнай компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту. Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сиань қаласындағы мұнай-газ, химия өнеркәсібі саласындағы компания жетекшілерімен кездесті. Алдымен «Yan’an Energy Equipment Group» компаниясы басшысымен жүздесіп, өңдеу өнеркәсібі саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты. ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі «Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу…

Толық оқу

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілер мен қолөнерді біріктіруші – «World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшыларымен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркі елінің астанасы – Түркістанның тарихымен танысу үшін Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев пен сарапшылары Сохан Кумар Джа Үндістаннан, Махоотчиан Ялда Түркиядан, Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша вице-президенті және сарапшысы Ле Ба Нгок арнайы келді. Басқосуда сарапшылар қаланың қолөнер саласының дамуымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуы үшін атқарылатын жұмыс бағыттары мен саладағы ынтымақтастық жайы талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті мен өнері ұштасқан…

Толық оқу

Қазақстан тарихи отанына оралуға ниетті этникалық қазақтарды қабылдау саясатын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Осы мақсатта елде “Ата жолы” картасы енгізіліп, бүгінде 65 адамға берілді. Бұл карта шетел азаматтарына Қазақстанда 10 жылға дейін тұру және жұмыс істеу құқығын береді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алайда, Шығыс Қазақстан облысында бұл картаны алу бойынша әзірге өтініш түскен жоқ. Дегенмен, аймақ қандастар үшін маңызды қоныс аудару орталығының бірі болып қала береді. Биыл мемлекеттік квота аясында облысқа 269 адам қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Қытай мен Моңғолиядан келген. Көшіп келгендерді қолдау мақсатында мемлекеттен 362 миллион теңге бөлінді. Оның 65 миллионы көшу шығындарын өтеуге, 6 миллионы жалдамалы…

Толық оқу

Алматы технологиялық университеті 11 жыл бойы Николь базары аумағындағы жер учаскесі үшін күресіп келе жатыр. Бұған экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың қатысы бар, — деп хабарлайды ErtenMedia Orda.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, 2011 жылы 15 шілдеде Алматы технологиялық университеті «СәулетТ-Кұрылыс» ЖШС-дан 583 млн теңгеге жер телімін сатып алған. Дәл сол айда тараптар арасында жылжымайтын нысанды қабылдау-өткізу актісі жасалған. «Егер 583 миллионға мүлік сатып алсақ, ақшаның алғашқы траншын Альянс банкіне жібердік. Банк алдындағы «СәулетТ- Кұрылысының» қарызын жаптық. Қалған  219 млн теңгені сатушыға аудардық. Алайда меншік иесі ретінде өз жерімізге кіре алмадық. Бізге  «тек Болат Назарбаевтың келісімімен кіре аласыздар» деп айтылды»,  дейді АТУ құқықтық қамтамасыз…

Толық оқу

Шарын шатқалында экотуризм дамып, жаңа визит-орталық ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шарын шатқалына саяхат енді бұрынғыдан да қолайлы әрі экологиялық тұрғыда таза бола түсті. «Sharyn» визит-орталығы есігін айқара ашып, қонақтарды заманауи сервиспен қарсы алып жатыр. Енді туристер шатқалды гольф-кармен аралап, кәсіби нұсқаушылардың сүйемелдеуімен табиғаттың ерекше сұлулығын тамашалай алады. Табиғатты қорғау бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «Жасыл даму» АҚ-мен бірлескен пилоттық жоба. Оның мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру және «таза туризм» қағидасын қалыптастыру. Осы жоба аясында парк аумағында қоқысты сұрыптап жинау жүйесі енгізілді. Арнайы қоқыс жәшіктері, контейнерлер және фандомат құрылғысы орнатылып, жиналған қалдықтар қайта өңдеуге жіберілуде. Сондай-ақ, туристерге биоыдырағыш қапшықтар таратылып, экологиялық…

Толық оқу

Талғар ауданында мүгедектігі бар балаларға арналған иппотерапия орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл орталықтың қызметі ерекше балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын жақсартуға бағытталған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Иппотерапия – жылқы терапиясы ретінде белгілі әдіс, ол жүйке жүйесі, бұлшықет тонусы және жалпы қимыл-қозғалыс қабілетін дамытуға оң әсер етеді. Мұндай оңалту түрі балалардың дене қозғалысын үйлестіруге, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және эмоциялық жай-күйін тұрақтандыруға көмектеседі. Орталықтың ашылуы мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың қоғам өміріне белсене қатысуына мүмкіндік береді. Бұл бастама тек оңалту шарасы ғана емес, сондай-ақ балалардың жаңа дағдыларды меңгеріп, өмір сүру сапасын жақсартуға арналған маңызды жоба. Жергілікті билік өкілдері мен әлеуметтік ұйымдар…

Толық оқу

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни терминдерді қазақша айтуға шақырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды ифтар, сәресін сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық», — деп келтірді «ҚазАқпарат» Наурызбай қажы Тағанұлының сөзін. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және…

Толық оқу

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апат жағдайындағы мектептер мен орын тапшылығын жою. «Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов. 2024 жылы 25 мектеп салынды,…

Толық оқу

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Құжат 2025 жылы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданған. Ауыл шаруашылығы бағытындағы тауар өндірушілерді қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында қаулыға сәйкес Үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған. «Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға…

Толық оқу