Автор: editor

Астанада ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарады. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық, туристік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ АӨК-ке қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды. – Мемлекет басшыларымыздың өзара сенім мен шынайы достық рухындағы тұрақты байланыстары біздің көпқырлы қатынастарымызды жаңа белестерге көтеруге ықпал етті. Сауда байланыстарын нығайту және тереңдету екі ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда…

Толық оқу

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық ғалымдар жарқанаттардан (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. ЖРВИ бойынша жағдай Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн. жағдайы тіркелген, бұл өткен маусымға қарағанда 20%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2370 жағдайы тіркелген, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді. Аурудың алдын алу үшін мынадай профилактика шараларын сақтау ұсынылады: адам көп жиналатын орындарға, әсіресе, жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету. Коронавирус туралы Коронавирус инфекциясы бойынша елдегі жағдай да тұрақты болып қала береді. …

Толық оқу

Бас прокуратура мыңдаған қазақстандық кибералаяқтардан зардап шеккенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сенгіш азаматтарды алдау үшін заманауи IT-технологиялар мен психологиялық манипуляциялар кеңінен қолданылған. Мәселен, телефон алаяқтары Алматы қаласында 82 жастағы зейнеткерді 67 млн теңгеге қатарынан 14 транзакция жасауға көндірген. «Олар өздерін күштік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жәбірленушіге оның шоттары арқылы жасалған террористік шабуыл туралы хабарлаған», — деп жазылған хабарламада. Бұдан бөлек қайтыс болған адамдарға және біздің елде ешқашан болмаған шетелдіктерге биометрия өткізбестен микроқарыздар беріліп жатқаны айтылды, банк шоттары ресімделіп, олар арқылы көптеген алаяқтық транзакциялар жасалған. «Ақтөбе облысында «Кредит 365 Казахстан» және «Авто Сыйлық» микроқаржы ұйымдары биометриясыз 2023 жылдың шілдесінде қайтыс болған…

Толық оқу

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) экономист мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған. 1997-2000 жылдары — Қазақстан…

Толық оқу

Қазақстан қор биржасында (KASE) 24 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 502,89 теңге болып, бір тәулікте тағы 0,33 теңгеге арзандады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы да 24 ақпанда тағы да арзандады. ICE Futures электрон сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,11%-ға төмендеп, 1 баррелі 73,97 доллар болды. NYMEX электрон сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,20%-ға арзандап, 1 баррелі 70,26 доллар болды. Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 502,47 теңге болған. 24 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары мынадай: Астана 1 АҚШ доллары: сату – 504 теңге, сатып алу – 510 теңге. 1 еуро: сату – 523 теңге, сатып алу – 530 теңге. 1 рубль: сату – 5,54 теңге, сатып алу — 5,69 теңге. Алматы 1 АҚШ доллары: сату — 503 теңге, сатып алу – 506…

Толық оқу

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Orda.kz-ке берген сұхбатында Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Подоляк Украинаның әскери мақсаттары мәселелеріне келгенде жауап беруге құзыретті емес екенін жеткізді, бірақ Ресейдің өзі өз аумағындағы көптеген инфрақұрылымдық нысанды қиратып жатқанын мәлімдеді: «Әрине, бұл сала, бұл жағдайда Ресейдегі мұнай өңдеу саласы күйрегенін қалаймын. Бұл Ресейдің ресурсын нашарлататыны сөзсіз, логистиканы да қиындатады және т.б. Белгілі бір нысандарға жасалған соққылар туралы айтатын болсақ, егер олар бұл соққыларды жасаған болса, біздің әскерилермен талқылау керек. Ресей инфрақұрылымдық нысандарға келген шығынның 30-35 пайызын өз қолымен жасайды. Бұл — құлап жатқан дрондар мен зымырандар, соның…

Толық оқу

28 ақпанда елордада жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бос орындар жәрмеңкесі өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. .Нұра ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін іс-шарада 50-ден астам жұмыс беруші білім беру мен медицинадан бастап бизнес пен мемлекеттік қызметке дейінгі түрлі салада 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Жәрмеңке «Барыс Арена» мұз сарайында (Тұран даңғылы, 57) сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. Жәрмеңкеге барлық жастағы тұрғындар қатыса алады. Келушілер компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, еңбек жағдайлары және жұмыс кестелерімен танысып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Жәрмеңкеге қатысқысы келетін жұмыс берушілер төмендегі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (776) 111-80-08; +7 (771) 111-88-81; +7…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Нысан құрылысына екі ауысымда 130-дан астам адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда 9 тіреудің 5-уі орнатылып, көпір өткелінің металл конструкциялары құрастырылып жатыр. Жыл соңына дейін көпір өткелінің негізгі бөлігі құрастырылып, келесі жылы асфальт төселмек. Облыс әкімі көпірдің қала үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жобаның қымбаттауына байланысты қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылып отыр. Осыған орай көпірді республикалық меншікке беру мүмкіндігі күн тәртібінде тұр. «Облыс мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласында халықтың саны өсті. Шаһарда көлік көбейді. Тұрғындар бұл…

Толық оқу

Бүгін, 24 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қаралды. Басқосуға экология белсенділері, тәуелсіз сарапшылар мен табиғат жанашырлары қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Бақытгүл Жақсылықова Каспий итбалығы мен оны қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Сарапшының пікірінше, итбалықтардың қырылуы теңіздің ластануы, браконьерлік және өндірістік жұмыстардың салдарынан болып отыр. «Теңіздің ластануы итбалықтың физикалық жағдайына әсер етіп, оны Каспийдің экологиялық жағдайының тірі индикаторына айналдыруда. Каспий итбалығы Каспий теңізінің эндемигі болғандықтан, яғни ол әлем бойынша басқа еш жерде кездеспейтіндіктен, оны сақтау маңыздылығы аса өзекті», — деді Бақытгүл…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы қоғамдық кеңістіктерді аралап, алдағы уақытта шаһарды абаттандыру бағытында қолға алынатын жобалармен танысқан, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қала басшысы облыс әкіміне шаһардағы қоғамдық кеңістіктердің қазіргі жағдайы туралы баяндаған. Өңір басшысы, әсіресе, қаланың тарихи нышандарының бірі саналатын балалар теміржолына ерекше көңіл бөліпті. Бұл нысан жаңғыртудан өткеннен кейін жыл бойы, үздіксіз жұмыс істемек. Облыс әкімі бұл нысанның мүмкіндігін ұлғайтып, теміржолдың шақырымын ұзартуды тапсырған. «Бейбітшілік аралы — семейліктердің сүйікті демалыс орны. Қала қонақтары да жиі келеді. Сондықтан мұнда қысы-жазы жұмыс істейтін, кемі 50 метрлік шолу дөңгелегін салуымыз керек» — деген Берік Уәли. Облыс әкімі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде…

Толық оқу