Автор: editor

Ұлттық қордан бөлінген қаражат қайда жұмсалғанын тексеретін комиссия жұмысын қайта бастады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ол 2014 жылы құрылғаннан бастап Ұлттық банк қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғаспақ. Ұзақ үзілістен кейін 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті. Жиынға Президент әкімшілігінің, Ұлттық банктің, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің лауазымды тұлғалары, Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары және т.б. қатысты. Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданының Бесарық ауылында спорт кешені ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Облыс әкімі ауылдағы жаңа әрі сәулетті ғимараттар қатары тағы бір маңызды нысанмен толыққанын атап, жергілікті тұрғындарды құттықтады. «Бүгін берекесі мен бірлігі жарасқан Сырдария ауданының Бесарық ауылында өздеріңізбен жүздескенімізге қуаныштымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде: «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз. Мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөлуде, яғни балалардың жастайынан…

Толық оқу

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қызметкерлері жаппай қысқаратыны туралы ресми мәлімдеме жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. АҚШ үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, маңызды міндеттерді атқаратын, негізгі басшылық құрамындағы немесе арнайы бағдарламаларға жауапты қызметкерлерден басқа барлық USAID қызметкері әкімшілік демалысқа жіберіледі. Сонымен қатар, агенттік штаттық қысқарту (Reduction-in-Force) процесін бастайды, бұл АҚШ-та қызмет ететін шамамен 1600 қызметкерге әсер етпек. Қысқартуға ұшырайтын қызметкерлер жеке-жеке өз құқықтары мен жеңілдіктері туралы хабарлама алады. Ал қызметін жалғастыруы қажет мамандар басшылықтан арнайы ресми нұсқаулық күтеді. Сондай-ақ, USAID АҚШ аумағынан тыс жердегі қызметкерлер үшін агенттік есебінен Отанына ерікті түрде оралу бағдарламасын және басқа да өтемақыларды ұсынуды жоспарлап отыр.…

Толық оқу

Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылдық округінде Шымкент қаласынан алынған форель балығының 50 мың дана шабағы жасанды тоғанға жіберілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығын дамыту жүйелі жолға қойылып, тиісті жұмыстардың нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер тарапынан аталған кәсіпті дамытуға қызығушылық артып келеді. Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылдық округіндегі Төлепберген Бауыржан есімді азамат осыдан 1 жыл бұрын өз жеріне 6 жасанды тоған дайындап, оған 30 мың дана форель балығының шабақтарын жіберген болатын. Бүгінгі таңда сол жіберген шабақтарынан 7 тонна өнім алып, жол бойындағы дүнгіршекте және көл басында сатып, кәсібінің жемісін көріп жатыр. Бүгін аталған шаруашылыққа аудан басшысы Асқар…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Қазақстанның болашағына алаңдайтынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның сөзінше, болашаққа деген темірқазық жоқ, ал бұл — алаңдатарлық мәселе. «Мемлекетте бек ұстаным жоқтығы алаңдатады. Болашаққа деген темірқазық жоқ. «Міне, мынадай идеологиямен, мынадай мемлекет құруға бара жатырмыз» деген бар болса, «бар ғой, міне» деп сіз айтыңыз. Оны Үкімет жасауы керек. Біз қандай мемлекет боламыз?! Президенттен бастап, Президенттің айналасындағы бүкіл кеңесші, депутатың бар, министрлерің бар осының жауабын алу керек», — деді депутат «Қазақ айранға» сұхбатында. Мәжіліс депутаты президент Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» деген идеясына қатты сенгенін айтты. «Әу басында Президент Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» дегеніне біз қатты сеніп, неге…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парламенттен кетеді деген ақпарат тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz дереккөзге сүйене отырып жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Ол жуық арада өзінің туған жері  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалмақ. Берденовтің кандидатурасын Президент әкімшілігі мақұлдаған», — деп жазылған ақпаратта. Айта кетейік, қазір Шымкент қаласының әкімі — Ғабит Сыздықбеков. Руслан Берденов «Almaty Kus» Сеймар Групп ААҚ (2005 ж.); Procter & Gamble LLP компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі (2007-2010 жж.); EASTCOMTRANS ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің басшысы (2010-2012 жж.), «Ақ ниет» ЖШС бас директоры (2012-2018 жж.), «Ақ ниет» ЖШС байқау кеңесінің мүшесі (2018-2019 жж.), Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары (2019-2023 жж.) болған.

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласында болды. Ол жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, су тасқынына дайындық барысымен танысты. Негізгі мәселелер – жылу желілерін жаңарту, қалалық инфрақұрылымның жағдайы және көктемгі су басудың алдын алу шаралары. Қазір қалада екі негізгі жылу көзі бар: «Шығыс жылу» АҚ-ның Риддер ЖЭО филиалы және «Л-ТВК» ЖШС қазандығы. Оларды жаңғырту – биліктің басты міндеттерінің бірі. Соңғы екі жылда ЖЭО аймақ балансына өткеннен кейін үлкен жұмыстар атқарылды: жабдықтар жаңартылып, 19 шақырым жылу желісі қалпына келтірілді. Бұл қала тұрғындарына жылу беру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нұрымбет Сақтағанов оң өзгерістерді атап өтті: – Нөлдік қабат ретке келтірілді. Қазір…

Толық оқу

АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында тұратын америкалық жазушы Джудит Линбергтен өткенде оның «Ақмарал» атты романы жөнінде сұхбат алған едім. Сұхбатында ол көшпелілердің мәдениетіне қызығатынын, мүмкін болса соған қатысты қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқығысы келетінін айтып еді. Ізін суытпай мен оған талантты ақын Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін ағылшын тіліне жолма-жол аударып жібердім. Мұндағы себеп, Ербол Алшынбайдың аталған топтамасы көшпелі қазақтың адамнан зият жануардың сыр-сипаты, біздің халқымыздың оны қалай бағалайтыны жақсы берілген. Былайша атйқанда, бұл топтамада тұтас Тұран даласын дүбірлеткен тұлпарлардың ізі айқын білінеді. Ал осы топтаманы сонау Нью-Джерсиде оқыған жазушы Джудит Линберг өз әсерін бөлісті. Джудит Линберг, жазушы:  – Маған…

Толық оқу

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округінде қызмет ететін шаруалармен, сорғы станцияларының басшыларымен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Ауқымды жиында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесі талқыланды. Жауапты бөлімнің басшысы Асқар Ибраимовтың сөзінше, елдімекенде 9 сорғы станциясы орналасқан. Қазір оның төртеуінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталып, ағымдағы жөндеу жасалып жатыр. Ал №4 сорғы станциясының басшылығы қаржылық тапшылықтың болуына байланысты жөндеу жүргізудің кешіктіріліп жатқанын мәлім етті. Осы орайда, Асхат Бердіханов әкімдікпен үшжақты меморандумға қол қою арқылы қажетті қондырғыларды уақытша пайдалану туралы ұсыныс білдірді. Егер бұл шара жүзеге асса, №4 сорғы станциясы 1000 гектардан астам жерді суарға мүмкіндік болады. Сондай-ақ басқосуда басқа да…

Толық оқу

Жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков өмірден өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді. «Қайран, Дулат ағам — ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, он — он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын… Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды…

Толық оқу