Автор: editor

Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі деп жазады Ertenmedia. Субсидия бойынша берешек барлық өңірде дерлік тіркелген. Әсіресе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарыз көлемі жоғары. Үш өңірдің берешегі 173,7 млрд теңгеге жетіп, елдегі жалпы қарыздың 51%-ын құрап отыр. Дегенмен, биыл субсидия берешегін өтеу қарқыны артты. Жыл басынан бері шаруалар алдындағы 148,5 млрд теңге қарыз жабылған. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап субсидия шығындары толығымен жергілікті бюджеттердің қарауына берілген. 2025 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға…

Толық оқу

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры басқарма төрағасы Ербол Исакаев Аризона университетімен ынтымақтастықтың нәтижелері мен жаңа кезеңдері туралы айтты деп Ertenmedia. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің бастамасымен іске асқан бұл серіктестік еліміздің жоғары білім және ғылыми зерттеулер жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Бүгінде бірлескен бағдарламалар бойынша 1200-ден астам студент оқып жатыр, университет студенттерінің жалпы саны 6,5 мыңға жетіп, олардың географиясы Қазақстанның барлық өңірлерін және бірқатар шетел мемлекеттерін қамтиды. Исакаевтың айтуынша, соңғы үш жылда екі университет арасындағы ынтымақтастық білім беру бағдарламаларынан ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыру деңгейіне өтті. Аризона университетімен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бірлесіп, күкіртті экологиялық таза материалдар мен тыңайтқыштарға қайта…

Толық оқу

Қостанай қаласында өткен «Ақ жол» партиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумы биылғы саяси өмірдің елеулі оқиғасына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен келген халық қалаулылары мен партия мүшелері бір алаңда бас қосып, ел дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Партия төрағасы Азат Перуашев форумда белсенді мүшелерге жоғары мемлекеттік наградалар мен партиялық марапаттарды табыстап, әр аймақтан келген депутаттардың тәжірибесі мен қоғамдық еңбегін атап өтті. Форумның басты өзегі – партияның елдің саяси жүйесіндегі жауапкершілігін күшейту және аймақтардағы халықтың мүддесін нақты іспен қорғау. Соңғы жылдары «Ақ жол» партиясы тек парламенттік мінберде ғана емес, жергілікті мәслихаттар деңгейінде де өз позициясын айқын көрсете бастады. Партия қатарында шағын…

Толық оқу

Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне қызметтік жаңа техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Рәсім барысында министр мен облыс әкімі құтқарушыларға жаңа арнайы автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл – өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы маңызды қадам. Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам қаржыға 30 бірлік жаңа техника сатып алынды. Оның ішінде: 19 өрт сөндіру автоцистернасы, 8 жүріс қабілеті жоғары жедел-жеңіл автокөлік, 1 құтқару қайығы және республикалық бюджет есебінен алынған 2 сорғы-жеңді автомобиль бар. Өз сөзінде облыс әкімі…

Толық оқу

2 жыл ішінде жоба мыңдаған адамның тағдырын өзгертті. Адамдарға қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектесті. Кәсіп табуға, өз ісін ашуға және өзіне деген сенімді қайтаруға мүмкіндік берді. Мен өзім “JOLTAP” жобасымен танысып, бұған көз жеткіздім. Сыныптарға бардым, қатысушылармен және ұйымдастырушылармен сөйлестім — нәтижесінде адамдар туралы шынайы өмірлік фильм шықты. Әр кадрдың артында – шынайы тағдырлар, нақты эмоциялар және жобаның көмегін алғаг адамдардың жүздері. Толық сұхбатты “JOLTAP” YouTube-арнасынан көріңіз.

Толық оқу

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша кешенді бастамалар мен жобалар қолға алынуда. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өтіп жатқан «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» XIV халықаралық конференция аясында халықаралық жетекші сарапшылармен кездесіп, жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Министрмен кездесуге британдық білім берудегі ЖИ саласындағы сарапшы Дэн Фицпатрик, Bedrock AI, Diverse AI негізін қалаушы және бас директоры Тоджу Дьюк, аустралиялық Кертин университетінің Білім беру мектебінің жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулер жөніндегі директоры Кок-Синг Танг, Аделаида университетінің жасанды интеллект және білім беру саласындағы профессоры Райан…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, өндіріс, инфрақұрылым, мәдениет және спорт нысандарымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды. Мемлекет басшысына өткізу мүмкіндігі жылына 300 мың жолаушыдан 500 мыңға дейін артқан әуе айлағының тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді. Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берді.…

Толық оқу

Елімізде инвесторлардың құқықтық жағынан қорғалуы мен кепілдіктері заңнамалық тұрғыда күшейді. Бұл – мемлекеттің халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тұрақты бизнес орта қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді. Келешекті ойласақ, инвесторлардың құқығын қорғау және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, сот жүйесінің ашықтығын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізу шаралары инвестициялық климаттың жақсаруына және институционалдық сенім деңгейінің артуына ықпал етеді. Экономикалық зерттеулер институтының Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының сарапшысы Жанара Берікқызының айтуынша, бүгінде Қазақстан инвесторларға маңызды қолдау тетіктерін ұсынып отыр. Инвестициялық келісімшарттар, инвестициялар туралы келісімдер, арнайы экономикалық аймақтар түрлі салықтық және кедендік жеңілдік береді. «Қазақстан инвестициялық климатты…

Толық оқу

Алматы облысының Райымбек ауданында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «САБАН FEST – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль ауыл еңбеккерлерін ынталандырып, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегін дәріптеуге арналды. Іс-шара аясында асылтұқымды мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан шаруаларының еңбегінің нәтижесі көпшілікке паш етілді. Сонымен қатар, үздік еңбеккерлер түрлі аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік механизатор», «Үздік малшы», «Егін және мал шаруашылығының үздігі» номинациялары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Күздің соңғы күнінде өткен фестивальдің өткізу орны ретінде Райымбек ауданының таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі бұл өңір мал және егін шаруашылығын қатар дамытып отырған аграрлы аймақтың бірі. Биыл аудан шаруалары 2300…

Толық оқу

Инвесторлар Қазақстанның өнеркәсіп және логистика саласына салынған инвестицияларды арттыруда Қазақстан инвестициялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – ел экономикасы біртіндеп шикізаттық модельден технологиялар, өңдеу өндірісі және тұрақты өсімге негізделген экономикаға өтуде. Бұл трансформацияның өзегінде Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы тұр. Олар инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін бірыңғай оператор әрі елдің инвестициялық саясатын іске асырушы негізгі құрылым болып саналады. Соңғы үш жылда Қазақстан 69 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның шамамен 20%-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылы бұл көрсеткіш 14% болған. Бұл ел экономикасының біртіндеп әртараптандырылып, шикізаттық тәуелділіктің…

Толық оқу