Автор: Асылхан Бөрібай

Астана қаласы аумағында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының рейдтік іс-шаралары барысында тағы 5 тонна насыбай тәркіленді. Бұл өнімнің жалпы құны 25 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Насыбайды жою акциясы «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында өткізілді. Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Полиция департаменті «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және жеке әріптес – «Kazecotech» ҒТК ЖШС және Еуропа-Азия «Жасыл экономика» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды. Насыбайды жою акциясы өндірістік база аумағында өтті. Ол медициналық қалдықтарды утилизациялауға арналған арнайы…

Толық оқу

Алакөлдегі қауіпсіздік мәселесі сын көтермейді. Белгілі заңгер Саида Тәуекелова демалушылардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ertenmedia. «Қазір Алакөл жағасындамын. Табиғаты тамылжып тұр, туристер демалуда, кәсіпкерлер барынша жағдай жасауда. Бірақ осы әсем көріністің тасасында үлкен мәселе бар бүкіл жағалауда бірде-бір (мемлекеттік) құтқарушы жоқ. Құтқарушылардың арнайы мұнараы, жүзуге арналған белгілер, қоршаулар, нұсқаулықтар атымен жоқ. Адамдар, оның ішінде кішкентай балалар су мотоциклі мен катерлер жүзіп жүрген жерде емін-еркін шомылып жүр. Мұның арты ауыр қайғыға ұласуы мүмкін», – дейді Саида Тәуекелова. Заңгердің айтуынша, «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 37-бабына және Үкіметтің 2000 жылғы №13 қаулысына сәйкес, демалушылар көп жиналатын жағажайда жергілікті…

Толық оқу

Қызылордадағы «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Алқалы жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады. «Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде «Заң мен Тәртіп»…

Толық оқу

Түркістан облысы, Жетісай ауданында жеке инвесторлардың қолдауымен бірқатар әлеуметтік әрі спорттық нысандар бой көтеріп жатыр. Түркістан облысының БАҚ өкілдері Асықата кентіне арнайы барып, нысандармен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі тынысымен танысу үшін Түркістан облысының БАҚ өкілдері арнайы барып, нысанмен танысты. Ғимарат құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған.…

Толық оқу

Қазақстанда 2025–2026 оқу жылында 200-ден аса жаңа мектеп салынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады деп жазады Ertenmedia. Жоспарға сай бой көтеретін білім ошақтары шамамен 300 мыңға жуық оқушыға есептелген. Оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Министрліктің мәліметінше, мектептердің ашылуы қала мен ауыл арасындағы білім сапасы алшақтығын қысқартып, апатты жағдайда тұрған 15 мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үш ауысымдық оқытуды тоқтатып, 150 мыңға жуық оқушы орнының тапшылығын жою жоспарланып отыр. Бұған қоса, 1000 ауыл мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп, жиһаздары жаңартылып, кітапханалары, асханалары мен қауіпсіздік жүйелері толықтай жаңғыртылады. Сонымен бірге химия, физика, биология, робототехника және…

Толық оқу

«Жетісай» индустриалды аймағында биыл жалпы құны 33 млрд теңгеге 11 жобаны қолға алу жоспарланған. Нәтижесінде 1 870 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, 4 жоба мақұлданып, инвесторлар құрылыс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда индустриалды аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. «Өңірде құрылған индустриалды аймақ ауданымыздың экономикасына өзіндік оң әсерін береріне сенім мол. Қазіргі таңда аумақта «ТST Zhetysai Group» ЖШС-і мақта өңдеу зауыты…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы қаралып, профилактикалық шаралардың басым бағыттары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia Мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен кешенді тәсілдің нәтижесінде аймақта айтарлықтай оң өзгерістер байқалды. Құқықбұзушылық туралы өтініштер мен хабарламалар саны 35 069-дан 31 029-ға дейін қысқарды (–11,5%), ал тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 4 481-ден 3 925-ке дейін төмендеді (–12,4%). Аса ауыр қылмыстар – 45,3%-ға, ауыр қылмыстар – 14,7%-ға, ал онша ауыр емес қылмыстар – 16%-ға азайды. Қасақана адам өлтіру екі есеге (28-ден 14-ке дейін), ұрлық…

Толық оқу

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді. – Қытай Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату әрекеттерін қуаттаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК секілді халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында, сондай-ақ БРИКС + және «Орталық Азия – Қытай» форматында жоғары деңгейдегі ықпалдастық орнатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстанның…

Толық оқу

Орал қаласының Жұлдыз шағынауданында кернеуі 110/10 киловольттық жаңа қосалқы станцияның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа инфрақұрылым нысаны – қаланың энергетикалық әлеуетін арттыратын, тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Қосалқы станцияның құрылысы 2024 жылы басталып, республикалық бюджеттен 3,2 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 190 млн теңге қаражат бөлінді. Қосалқы станцияда екі күштік трансформатор, кернеуі 110 киловольттық 6 тізбекті әуе желісі (ұзындығы 300 метр), 4 анкерлі тірек, 5 көлікке арналған автотұрағы бар жөндеу базасы және әкімшілік-тұрмыстық корпус салынды. Жоба Жұлдыз, ескі әуежай және 6, 7, 8, 9, 10-шағынаудандардағы тұрғындарды…

Толық оқу

2010 жылы патент алу бойынша әлемдегі рейтинг келесідей еді. Жапония бірінші орында, АҚШ екінші орында және Қытай үшінші орында тұрды. Қазір, Қытай бірінші орынға шықты. GenAI (ЖИ) саласындағы патент бойынша Қытай АҚШ-ты 9 есе басып озған. Бұл өткен жылғы дерек бойынша. Енді ғылыми публикация жасау деген бар. Ол бойынша Қытай мен АҚШ жарысып келеді, үшінші орында Ұлыбритания тұр. Патент дегеніміз қандай да бір жаңашылдық қол жеткізу. Ғылыми публикация дегеніміз қандай да бір ғылыми ізденіс жасау деген сөз. Аталған көрсеткіштер бойынша Қытай қарқынды дамып жатыр. Яғни ғылымы дамып жатыр. Кезінде «китайский» деген сөз, «сапасыз» деген синонимде айтылатын. Қазір бұл тек стереотип…

Толық оқу