Қазір Израиль мен Иран арасында соғыс өрті тұтанып, Таяу Шығыс қиын жағдайда қалуда. Бірақ Араб елдерінің жағажайына жетіп дамалуға асыққан қазақтардың қарасы сиремей тұр. Көлік министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ескерту жасады. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ. Айтпақшы, Әмірліктердің әуежайында 300-дей қазақстандық елге жете алмай отыр. Құзырлы орындар соғыс басталған соңғы екі күнде Қазақстаннан БАӘ бағытындағы рейстер толық жүктемемен ұшып кеткенін алға тартты. Демек ескертуден нәтижесі жоқ. Бұдан ел азаматтарының ақпараттық жауапкершіліктің әлсіздігін көрсетеді. Таяу Шығыстағы дүрбелең тек Иран мен Израильдің емес, бүкіл әлемнің тыныштығын шайқалтуы мүмкін. Сондықтан саяхаттың бағасы тым қымбат болатынын ұмытпайық. Қазіргі таңда БАӘ, Катар, Оман,…
Автор: Асылхан Бөрібай
«Ертіс» атом электр станциясы. Қазақстан Қытай АЭС-ін Курчатов аумағына қоятынына еш күмән жоқ. Онда Абай облысы өзінің ядролық статусына қайта оралатын болады. Ал қытайдың екі HPR-1000 реакторынан құрылған АЭС Ертістің сол жағасында, Курчатов қаласының аумағында болмақ. Курчатов – Қазақстанның атом орталығы. Мұнда термоядерлық Токомак тәжірибелік құрылғысы жұмыс істейді. Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы осы Курчатовта орналасқан. Ядролық технологиялар паркі бірнеше өнім шығаруда. Сондықтан суы мол Ертіс бойындағы Курчатов атом электр станциясының құрылысына ең лайықты орын. Осымен Қазақстанда «Балқаш» және «Ертіс» атты екі АЭС болады. Бұл атаулары өздеріне жарасымды сияқты. Шынымен де солай аталса, онда қазақ атом электр станцияларының атауларын бірінші қойған…
Жетісу облысының аумағында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Бүгінгі күні химиялық өңдеу жұмыстары 108 146 гектар алқапта жүргізілді. Өңірде үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жер үсті тәсілімен, аса жеңіл авиациямен және жеңіл авиациямен, пилотсыз әуе жүйесімен (дронмен) жүргізетін компаниялар анықталды. Жалпы ағымдағы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 114,8 мың гектар алқапта жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 74,6 мың гектары — үйірлі шегірткелерге қарсы және 40,2 мың гектары үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу. Химиялық өңдеу жұмыстары үшін 41 су көздері мен 22 жанар-жағармай бекеттері белгіленді. Зиянкестерді анықтау жұмыстарына 204 адам мен…
Алматы облысы әкімдігі мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретінін мәлім етті,- деп хабарлайды Ertenmedia Алматы облысындағы мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты 8:00–де басталып, 17:30–да аяқталады. Түскі үзіліс 12:30 бен 14:00 аралығында болады. Еске салайық, биыл алғашқы болып Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді. 12 наурыз күні Алтай және Ұлан аудандарында да жұмыс уақыты өзгерді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Шемонаиха аудандарында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді. Сонымен қатар наурыз айында Өскеменде жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді. Онда жұмыс күні сағат 08:00–де басталып, 17:30–да аяқталады, түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін.
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) шамамен 300 қазақстандық азамат қалып қойған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Қазіргі таңда БАӘ мен Қазақстан арасындағы бірқатар әуе компаниялары рейстерін тоқтатқандықтан, 300-ге жуық Қазақстан азаматының елге оралуы уақытша қиындық туғызуда. Олардың басым бөлігі – туристер. Жергілікті жерде біздің дипломаттар жұмыс жүргізіп жатыр. Әуе компанияларымен жасалған келісімдер нәтижесінде жақын күндері азаматтардың жартысынан астамы отанына оралады деп күтілуде, – деді Смадияров бүгін өткен СІМ брифингінде. Ол 11 маусымда Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, Таяу Шығыстағы жағдайдың…
Премьер-министр Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүзеге асырылуда. Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі. Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті. Еске салайық, Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға…
ҚР Ішкі істер министрлігінде жаңа ақпараттық кешен құрылып, республикадағы ішкі істер органдарының барлық деректерін біріктіру көзделінуде. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 465 миллион теңге (910 мың доллар) бөлінген. Жаңа жүйенің көмегімен полиция шешім қабылдау үдерісі жеделдетпекші екен. Кешенге қажетті жабдықтар 2024 жылы сатып алынған. 2025 жылы оның қорғаныс жүйесі тексеріліп, биыл толық іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазақстанда көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі де жаңғыртылуда. Бұл мақсатқа 335 миллион теңге (653 мың доллар) бөлінген. Жаңартылған жүйе көші-қонды бақылаудағы қауіптерді алдын ала анықтап, болдырмауға бағытталған. Қазіргі уақытта жүйе жетілдіріліп жатыр, ал жаңартылған нұсқасы 2025 жылы іске қосылуы тиіс.
Елден қашқан қос құда Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов АҚШ-тың авторлық құқық туралы заңнамасындағы олқылықтарды пайдаланып, өздеріне қатысты ыңғайсыз материалдарды Google іздеу жүйесінен алып тастауға барын салып жатса керек. Осы мақсатта олар Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасымен бұрын жұмыс істеген, экс-президенттің отбасы туралы компроматтарды жасырумен айналысқан мердігердің қызметіне жүгінгенін «Выход к морю» Telegram арнасы жария етті. Telegram-дағы «Выход к морю» арнасының хабарлауынша, авторлық құқық пен құпиялылыққа қатысты контентті жою сұраныстарын тіркейтін Lumen платформасының архиві соңғы жылдары беделді тазарту науқандарының қалай жүргізілгенін көрсетеді. Бұған дейін журналистер Назарбаевтар отбасының DMCA заңындағы олқылықтарды және жалған сайттарды пайдалана отырып, шетелдік БАҚ пен АҚШ әділет министрлігінің ресми…
Иранда Израильдің барлау қызметі «Моссадтың» екі агенті ұсталды. Олардан 23 ұшқышсыз ұшу аппараты мен ұшыру құрылғысы тәркіленген. Бұл туралы Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Ertenmedia.kz хабарлайды. Иран полициясының өкілі Саид Монтазер әл-Махдидің мәлімдеуінше, Израильдің «Моссад» қызметіне жұмыс істеген екі агент Иран астанасы маңындағы Рей округінде ұсталған. «Құқық қорғау органдары екі бөлек операция аясында Рей ауданында «Моссадтың» екі агентін қолға түсірді. Олардың жанынан 200 килограмнан астам жарылғыш зат, 23 ұшқышсыз ұшу құрылғысы, бір ұшыру құрылғысы және басқару жабдықтары табылып, тәркіленді», – деген оның сөзін агенттік келтіреді. Бұған дейін Иранда тағы екі «Моссад» агенті ұсталған болатын. Агенттік дерегінше, олар бомба мен жарылғыш…
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысын тексерді,- деп хабарлайды Ertenmedia Жобаға сәйкес, қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» станциясынан салынып жатқан «Қалқаман» станциясына дейінгі аралықтағы туннельдердің ұзындығы 1,98 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда сол жақ бағыттағы тоннель толық қазылып біткен, ал оң жақ бағытта 887 метр жер қазылған. «BCN group» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичтің мәліметінше, туннель қазу жұмыстарымен бір уақытта станцияның құрылысы да белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда желдету ұңғымасы салынды, қазу жұмыстары аяқталды, ал бетон құю жұмыстары 28 пайызға орындалды. «Нысанды 2026 жылдың қаңтар айына дейін толық аяқтау үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет.…
