Автор: editor

Полиция жастар тобының қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады. Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген. Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

Read More

Антикор іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесетін ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде. «Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде агенттікке мына телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет. Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі», — деп жазылған хабарламада.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, Ресейдегі «Азия-Тынық мұхиты банкі» (АТБ Банк) 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық табыс алса, биыл тіпті осы рекордты жаңартатын сияқты. Бірақ банк кез келген уақытта АҚШ-тың санкция тізіміне ілінуі мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Nege.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, қазір Ресейдегі 320 банктің шамамен 30 пайызы АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау бойынша басқармасының (OFAC) бұғаттаушы тізіміне енгізілген және ай сайын ол тізім толығып тұрады. «Қазір «АТБ Банк» санкция тізімінде емес. Бірақ жылдың аяғына дейін жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Себебі OFAC Ресейдегі қаржы ұйымдарын бұғаттауға қатысты жұмысына жаңа серпін беруде», – дейді NEGE-нің дереккөзі.Санкция қаупін ысырып қойсақ, «АТБ Банктің»…

Read More

Алматыдағы «Евразия» және «Рахат» базарларындағы бір топ саудагерлерінің құқығы 6 жылдан бері қорғалмай келеді. Созбалаңға салынған істің нәтижесі боларына үміті үзілген кәсіпкерлер Президенттен араша сұрайды. Сауда үйінің меншік иесі болуға бар тапқан қаржысын құйған кәсіпкерлердің қаражатын кім қайтарады? 6 жылдан бері нүктесі қойылмайтын бұл қандай сот? Істің сағызша созылғанына лауазымды тұлғалардың қатысы бар ма? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеген кәсіпкерлер журналистермен кездесіп мұңын жеткізді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Abai.kz-ке сілтеп. Саудагерлердің айтуларынша, негізгі мәселе 2015 жылы базарларды модернизациялау дегеннен басталыпты. «6 жылдан бері сот процесіне нүкте қойылмай келеді. Біз бұл мәселені айта-айта жауыр болдық. Өйткені жауапты органдар нүкте қоюға құлықсыз. Біз енді…

Read More

Солтүстікке отбасымен бірге көшіп барған, бүгінде қазақтардың солтүстікке көшуіне мұрындық болып, қазақ тілінің мәртебесі үшін күресіп жүрген Бурахан Дақанұлы Ауғанстанға баруды да мақсат етіп отырғанын айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оның айтуынша, қазақ тарихына деген махаббат бала кезінен басталған. «Кішкентай кезімнен Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін жақсы оқыдым. Мұхтар Шахановтың «Отырар» туралы шығармасын жатқа білдім. Қатты қызығатын дүнием: Қазақстанның тарихы, дүниежүзі тарихы сияқты дүниелер болатын. Сол жерде ұлтымның қандай ұлы болғанын, бұрынғы заманда әлемді дүркіреткен 4 империяның тікелей мұрагері екенін сезіндім. Сол нәрсе жүрегіме күшті сезім сыйлайтын. 2017 жылдары ВКонтакте желісінде «Бөрілі байрақ» деген топ құрдым. Ол кезде интернетте қазақ тілді жазбалар,…

Read More

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 — бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды. Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті. Жәбірленушінің…

Read More

Адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын салған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Read More

Ресей телеарналары соңғы 40 жылда алғаш рет Олимпиада ойындарын теледидардан көрсетпейді. Бұл жөнінде спорттық басылымдар жазды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Sports.ru мәліметінше, «Бірінші» және «Россия-1» телеарналары саяси себеппен Олимпиада ойындарын көрсетуден бас тартқан. «Комсомольская правда» жазуынша, телеарналар Ресейдің бірнеше спортшысы ғана бейтарап статуста қатысатын Олимпиада ойындарын көрсетуді «ақылға қонымды» шешім деп санамайды. «Жарыс трансляциясына құқықты сатып алу бойынша келіссөзді «Матч ТВ» және VK холдингі жүргізген. Алайда сәуір айында Ресейде Олимпиада ойындарын көрсету құқығына ие «Телеспорт» компаниясының жетекшісі Петр Макарено алаяқтық бойынша ұсталған. Бұған қоса, ақпарат құралдарының жазуынша, Олимпиадаға қатысуға рұқсат алған бірқатар ресейлік спортшылардың ойынға бармайтыны белгілі болғаннан кейін қымбат келісім жасаудан мән қалмаған»,…

Read More

Пенсильваниядағы сайлауалды митинг уақытында белгісіз біреу АҚШ-тың 45-президенті, қазір президент сайлауына тағы да түсіп отырған Дональд Трампқа оқ атты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. БАҚ мәліметінше, Трамп жеңіл жарақат алған. Оқиға орнынан түсірілген видеода Трамптың бетіндегі қан көрінеді. Оны қауіпсіз жерге әкеткен. Қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөйлеп тұрған кезде болған. 45-президент екінші мерзімге сайлануға күш салып жатыр. Оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты айыптады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев…

Read More

13 шілдеде Астанада «EXPO»  алаңында Жаңа адамдар жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті басталды. Шараға қатысуға 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлердің жартысы ғана Конвентке билет алды. Нәтижесінде бүгін елордада еліміздің 20 өңірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен танысып, Қазақстандағы ең үздік азаматтық науқандарды таңдау үшін жиналды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Конвенттің басты ерекшелігі жаппай таныстықтар болмақ. Берік көлденең байланыстар жасау үшін қатысушыларға достар «майнингіне» арналған бірегей мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы — DOS_coin ұсынылды, оны шараның  15 алаңынан алуға болады. Алынған монеталарды конвент тауарларына, сарапшылардың жеке шеберлік сабақтарына, танымал…

Read More