Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі Төлежан Барлыбаев Киевте президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Ресми құжатты тапсыру рәсімі Киевтегі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енген тарихи «Киевтік София» ұлттық қорығы аумағында өтті. Рәсім барысында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы іскерлік байланыстың келешегі мен нақты ынтымақтастық жобалары сөз болды. Еске сала кетсек, Төлежан Барлыбаев Украинадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметіне биыл сәуірде тағайындалған еді. Төлежан Барлыбаев 1970 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған дипломат бұған дейін Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшіліктерінде жауапты қызметтер…
Автор: Асылхан Бөрібай
Отандық әдебиеттің ең танымал 100 туындысын анықтауға арналған жалпыхалықтық сауалнама аяқталуына бір айдан сәл ғана астам уақыт қалды. Бүгінде дауыс беруге 16 мыңнан астам азамат қатысқан. Сауалнама eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн форматта өтіп жатыр және 23 шілдеге дейін жалғасады. Финалдық тізім Абай күні – 10 тамызда жарияланады. Дауыс беру өте оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын жүктеп, сауалнамалар бөлімінде дауыс беру жеткілікті. Қатысушы 1-ден 10-ға дейін кітапты таңдап, олардың атауы мен авторын көрсетуі тиіс. Мамандардың айтуынша, бұл сауалнама қазақстандықтардың қандай жанрларға көбірек қызығатынын анықтауға көмектесіп қана қоймай, баспагерлерге, кітапханаларға және кітап дүкендеріне белгілі бір бағыт береді. Жоба биыл 23…
Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады. Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. «Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті. Президент: «Дәрігер болу – жүректің ісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді бағалаймыз»дей келе, ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, мәртебесін жоғарылатты. Облыс көлемінде де денсаулық саласын қолдау мақсатында ауқымды нақты жұмыстар атқарылып келеді», — деді Нариман Төреғалиев. Өңір…
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хабарламасына сәйкес, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынғанын хабарлаймыз. Бұл шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Аталған ведомствоның нұсқауы отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты. Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз. Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады. ҚР Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер…
Шығыс Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі — Алтайдың баурайында орналасқан Катонқарағай ауданында жыл сайынғы ұлттық мәдени шаралар өтті: республикалық конференция «Ұлттық рух жыршысы» және поэзия фестивалі «Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды»,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған шараларға еліміздің түкпір-түкпірінен келген белгілі әдебиетшілер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен жастар жиналды. Қатысушылар көрнекті жазушылардың шығармашылық мұрасын талқылап, ұлттық әдебиет пен руханиятты дамытуға қосқан үлесін саралады. Қонақтарға арнаған құттықтау сөздерінде ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Абзал Нүкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сөз сөйледі. Конференция барысында филология ғылымдарының докторы Кұлбек Ергөбек, жазушы Нұрдәулет Ақыш, профессор Гаухар…
Алматыда Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара қала мен ел медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақ халатты жандарға арналған алғыс пен құрметтің шынайы көрінісіне айналды. Бұл – тек мереке емес, әрбір дәрігердің, медбикенің, санитардың, жас маман мен тәжірибелі ардагердің еңбегіне берілген баға, медицинаның адами мәні мен кәсіби маңызын танудың нышаны. Қала әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, мегаполис тұрғындарының денсаулығы – тек технология мен құрылғыларға емес, ең алдымен білікті мамандардың адалдығы мен кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматы денсаулық сақтау саласында республиканың флагманы саналады. Себебі дәл осы қалада жетекші ғылыми орталықтар шоғырланған, заманауи клиникалар жұмыс істейді, болашақ дәрігерлер…
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін мемлекеттік және салалық марапаттармен марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Жалпы 68 медицина саласының қызметкері «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Дәрігерлер, медбикелер, фармацевтер және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мамандары кәсіби шеберлігі, жанқиярлығы мен мамандығына адалдығы үшін марапатталды. Салтанатты шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Қошербаев пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз сөйледі. «Бүгін біз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ең таңдаулы өкілдерін – «Кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттап отырмыз. Бұл…
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумы өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді. Бұл шара мерейтойлық жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді. Форумның мақсаты — батырлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символына айналған мерген қыздың рухына тағзым ету. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және ғылым саласының өкілдері, сондай-ақ батырдың туыстары қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы атынан форумға қатысушылар мен ақтөбеліктерді осы маңызды тарихи оқиғамен құттықтады. «Әлия Молдағұлова – бүкіл қазақ халқының мақтанышы, қайсар рух пен…
Жетісу облысында дәрігер тапшылығы мәселесін шешу мақсатында өткен жылдан бастап республика бойынша алғаш рет өңірде дәрігерлерге көтерме ақы төлене бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстағы кадр тапшылығы 20,3%-ға қысқарды,- деп хабарлайды Ertenmedia Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан аталмыш бағдарламаның аясында жергілікті бюджет есебінен ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген дәрігерлерге 10 млн. теңгеден, ал қалаға келгендерге 5 млн. теңге көлемінде көтерме ақы төленеді. Ол үшін алдымен үш айлық сынақ мерзімінен сәтті өту керек. Бұдан әрі дәрігер сол өңірдегі медицина мекемесінде кемінде бес жыл жұмыс істеуі тиіс. Бағдарлама басталғалы бері 110 дәрігерге көтерме ақы төленді. Олардың қатарында Аксу аудандық орталық ауруханасында жұмыс…
Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – жастар арасындағы нашақорлықтың таралуы. Соңғы жылдары синтетикалық есірткі заттарының жаңа түрлері пайда болып, олардың интернет арқылы қолжетімділігі күрт артты. Мұндай жағдайлар жастардың денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, олардың болашағына балта шабуда. Осы орайда, Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушыларына арнап профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға есірткі заттарының түрлері, олардың ағзаға тигізетін зиянды әсері, сондай-ақ бұл заттарды қолданудың заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Шараның басты мақсаты – жастардың есірткі мәселесіне деген көзқарасын өзгертіп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Іс-шараға Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы…
