Автор: Асылхан Бөрібай

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін сала мамандары наградталды,- деп хабарлайды Ertenmedia Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін наградталды: ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі; Құрақбаев Құралбай – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» Қазақстан медицина университеті» ЖШС кафедра меңгерушісі.  «Парасат» орденімен Әлібекова Ғалия Нұрхайырқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» РМК санитарлық дәрігері; Әубәкіров Ермек Серікбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№…

Толық оқу

Семей қаласындағы сауда орталықтарының бірінде құқық қорғау органдары мен Абай облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» атты акция өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Іс-шараның басты мақсаты – халықты қолжетімді заң көмегімен қамтамасыз ету, мазалаған сұрақтарға түсініктеме беру. Кез келген азамат мамандарға жүгініп, құқық бұзушылықтар мен әкімшілік рәсімдерден бастап әлеуметтік қамсыздандыру мен тұрғын үй мәселелеріне дейін түрлі салалар бойынша кәсіби кеңес ала алды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Саят Базановтың айтуынша, бұл іс-шара халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. — Іс-шараға облыс әкімдігінің барлық құрылымдық басқармалары, сондай-ақ полиция, әділет және мемлекеттік кірістер департаментінің…

Толық оқу

Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің көмекшісі болған, қазір отставкадағы генерал-майор Павел Новиковке тиесілі 840 гектар жер телімі сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды Ertenmedia. Новиков аумақты өзі басқаратын «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС арқылы 2004 жылы сатып алған. Сол кезде жердің жалпы құны 25 миллион теңгеге бағаланған. Қазіргі нарықтық құны 54 миллиард теңгеден асады. Қаңтардан кейін Бас прокуратура аталған жер телімі су қорының аумағына кіретінін және бастапқыда оларды жекеменшікке берудің өзі заңсыз болғанын анықтаған. Жердің шамамен 100 гектарында алма мен алмұрт бауы болған, ал қалған бөлігі игерілмей, бос жатқан. Компания сот шешімін бірнеше рет шағымданып, тіпті президент Тоқаевқа да жүгінгенімен, сот…

Толық оқу

Қазақстан мұнай-газ учаскелерін игеруге арналған соңғы аукционда қытайлық жеке инвесторға құрлықтағы ауқымды жер телімін барлау мен игеру құқығын табыстады. Бұл туралы елдің Энергетика министрлігі мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. Ақпаратқа сәйкес, аукционда ұсынылған тоғыз учаскенің тек төртеуіне ғана сатып алушы табылған. Солардың бірі Маңғыстау облысындағы «Үстірт-2» кен орны. Оның жалпы аумағы 5400 шаршы шақырымнан асады. Бұл аймақ Қазақстандағы ең көне әрі байырғы мұнайлы өлкелердің бірі ретінде белгілі және Каспий теңізімен шектеседі. «Үстірт-2» учаскесінің құқығын Қазақстанда тіркелген, бірақ қытайлық жеке инвесторға тиесілі Kazakhstan Dinghua Energy компаниясы 150 миллион теңгеге (шамамен 297 мың АҚШ доллары) сатып алды. Бұл бастапқы белгіленген сомадан екі есеге…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына жұмыс сапары барысында Шипалы көлде болып, демалыс аймағын дамытуға қатысты жобалармен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Шипалы көл (ел арасында Шошқалы көл деп аталып кеткен) – Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, «Семей Орманы» табиғи резерваты аумағында орналасқан ерекше табиғи нысан. Көлдің суы мен балшығы емдік қасиеттерімен танымал. Туристік аймаққа әкімдік тарапынан инфрақұрылым тартылса көлге инвестиция салуға дайын кәсіпкерлер аз емес. Жергілікті инвесторлардың бірі көл жағасына сауықтыру, демалыс кешенін, енді бірі 300 орындық балалар сауықтыру лагерін салуды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы бастамаларға қолдау білдіріп, әкімдік инфрақұрылым желілерін тартуға көмек көрсететінін айтты.…

Толық оқу

Қазақстан Әзербайжан және аймақтағы өзге елдермен жасыл энергетика бойынша ынтымақтастықты, соның ішінде жасыл энергияны Еуропаға тасымалдау жобасын жүзеге асыру арқылы жаңа деңгейге шығаруға дайын. Бұл туралы Брюссельде өткен Энергоэффективтілік жөніндегі жаһандық 10-шы жыл сайынғы конференция барысында Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, Қазақстанда метан шығарындыларын азайту және оны алауда жағуды қысқарту бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақталған. «Метан ғаламдық жылынуды жеделдететін негізгі себептердің бірі. Оның шығарындыларының артуы ортақ экожүйеміз Каспий теңізіне де кері әсер етеді. Сондықтан бұл мәселеде Әзербайжан және өзге де Каспий жағалауы елдерімен бірлесе әрекет етудің маңызы зор», – деді…

Толық оқу

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесі, 41 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің жанына заңсыз салынған екі қосымша нысан сот шешімімен сүріліп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған. Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды. Алматы қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. Меншік иесі…

Толық оқу

Абай облысында KIA автокөліктерінің ресми дилері болып саналатын Ilbers auto компаниясы клиенттерін көлік сатып алу кезінде қосымша құрал-жабдықтарды алуға міндеттеп келген, деп хабарлайды Ertenmedia. Компанияның бұл әрекетін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті анықтап, ресми ескерту жасады. Антимонополиялық органның хабарлауынша, дилер өзіне берілген нарықтағы басым жағдайды асыра пайдаланып, тұтынушыларды көлікпен бірге қажетсіз қосымша жабдықтар алуға мәжбүрлеген. «Антимонополиялық орган Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, дилердің әрекеттерінен үстем жағдайды асыра пайдаланудың анық белгілерін тапты. Яғни, автосалон тұтынушыларды экономикалық не технологиялық тұрғыдан негізделмеген талаптарды орындауға мәжбүрлеп, қосымша міндеттемелерді мойнына іліп отырған», – делінген агенттік хабарламасында. Қазіргі уақытта аталған заң бұзушылық жойылып, автосалон агенттіктің…

Толық оқу

2025 жылы облыс әкімінің өкімімен «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында 51 552 жұмыс орны ашылды. Олардың 18 мыңнан астамы тұрақты қызмет орындары болса, ал 33 мыңнан астам азамат уақытша жұмыс орындарына орналасқан,- деп хабарлайды Ertenmedia Сонымен қатар, жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 4 544 адам онлайн оқытудан өтті. Сондай-ақ, өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 2 063 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға, жастар арасындағы…

Толық оқу

Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстанның атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды. Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе алып келеді. Сонымен қатар, Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту «Қазақстан-2050»…

Толық оқу