Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин Батыстың санкциясы екі ел арасындағы әріптестікке кері әсер етпейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Ertenmedia хабарлайды. Дипломаттың сөзінше, кейінгі жылдары Ресей мен Қазақстан экономикалық, сауда-саяси байланысты нығайтып, ірі жобаларды бірге іске асырып жатыр. «Қазір қос мемлекет үшін ең маңызды бағыт Еуразиядағы көлік-логистика саласы. Әсіресе «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамытуға үлкен мән беріп отырмз. Осы дәліз арқылы Ресей, Қазақстан, Түркіменстан мен Иранның көлік жолы Парсы шығанағына шығады. Сонымен қатар бұл маршрут Өзбекстан, Ауғанстан мен Пәкістан аумағын қамтып, жүк және жолаушылар тасымалын жолға қоюға мүмкіндік береді. Санкцияның салқыны бұл бастамаларды тоқтата алмайды», – дейді Бородавкин. Сондай-ақ елші Қазақстан…

Толық оқу

Биыл Арыс қаласында жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны қолға алып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерін арттыру мақсатында жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 593 жұмыс орны құрылған. Бұл жайында Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Биыл шаһардың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға серпін беретін бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-і 50 мың бас ірі қара малын бордақылау алаңы мен 3 мың гектар жерде жаңбырлатып суғару арқылы мал азығын дайындау…

Толық оқу

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа жоғары технологиялық зауыт ашылды. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын болашақта еліміз үшін стратегиялық маңызы бар өндіріс ошақтарының біріне айналатын болады. Juldyz Kenan Co., Ltd компаниясына тиесілі бұл зауыт елімізде катетер, зонд, патологиялық материалдарға арналған контейнерлер сияқты медициналық бұйымдарды өндіретін жалғыз толық циклді өндіріс орны болып табылады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 2,1 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап шамамен 100 адамды жұмыспен қамтыған. Өндірістік қуаты жылына 10 миллионға дейін медициналық өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өз өнімін клиникалық медицина саласының түрлі бағыттарында қолдануға бейімдеген. Олардың қатарында реанимация, хирургия, педиатрия және неонатология…

Толық оқу

Алматы облысы соңғы жылдары халық санының күрт артуына және коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің ұлғаюына байланысты инженерлік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытуда. Соңғы он жылда Қарасай ауданында халық саны 221 мыңнан 342 мың адамға дейін өсті. Бұл жағдай электрмен және сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жедел әрі ауқымды шешімдерді қабылдауды талап етті. Қарасай ауданында қазіргі таңда энергетикалық тапшылықты жоюға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол Қаскелең, Шамалған, Елтай, Жандосов, Бекболат және Жамбыл ауылдарын қоса алғанда 16 елді мекенді қамтиды. Жоба тиісті комиссияның қарауына ұсынылып, республикалық және жергілікті…

Толық оқу

Абай облысында жаз мезгілінде 10 колледж базасында кәсіптік бағдар беру лагерьлері жұмыс істейді. Жобамен 500-ге жуық оқушы қамтылады. Лагерьлерде оқушылар нақты мамандықтар бойынша тәжірибе жинақтап, пайдалы дағдыларды меңгереді,- деп хабарлайды Ertenmedia Бесқарағай колледжінде алғаш рет «ЭКОorman» аграрлық-экологиялық лагері ашылды. Ландшафтық дизайн, жылыжай ісі, флористика және ауыл шаруашылығын механикаландыру бағыттары қамтылған. IT және жаңа технологиялар жоғары колледжіндегі «SmartKriS» лагерінде робототехника, бағдарламалау, веб-дизайн және интернет заттары бағытында сабақтар өтеді. Политехникалық колледждегі «Summer Camp» шығармашылық лагерінде оқушылар тігін, аспаздық шеберлікке машықтанады, бұйымдар жасап, көрмеге қояды. Үржар колледжінде «Үржар-Айым» лагері ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы, дәнекерлеу, ветеринария және аспаздық бағыттарында оқыту жүргізілуде. Семей қаржы-экономикалық колледжінің SFEK…

Толық оқу

Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары мен базар маңындағы шағын кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған іс-шараның мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үндеу және еріктілердің қатысуымен жасыл бастамаларды ілгерілету болды. Акция аясында: 10-ға жуық ерікті жас бірігіп, белсенділік танытты; 100-ге жуық «Таза Қазақстан» тақырыбындағы ақпараттық брошюра таратылды; 150-ге жуық қала тұрғынына тұрмыстық тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді; Базар аумағындағы 30 шағын кәсіп иесіне санитарлық талаптар мен тазалық нормалары түсіндірілді; Сонымен қатар, тұрғындар арнайы дайындалған «Біз – таза ел үшін!» тақтайшасымен естелік суретке түсті. Шара…

Толық оқу

Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі — «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады,- деп хабарлайды Ertenmedia Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-дағы Линьи қаласына сапар жасап, «Shandong Kamoya» зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен және инновациялық шешімдерімен танысты. Қазіргі уақытта бұл зауыт «KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлер шығаруда. Енді осы технологиялар Түркістанда өндірілетін болады. Былтыр желтоқсанда Түркістан облысы делегациясының Қытайға жасаған ресми сапары аясында басталған келіссөздер нәтижесінде тараптар бірлескен өндірісті ұйымдастыруға…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Шри-Ланкада өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен олардың бапкерлерін қабылдап, халықаралық аренадағы жоғары жетістіктерімен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia Кездесуге Абай облысы бойынша әуесқой бокс федерациясы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жақсылық Ильясов пен аталған ұйымның басшылары қатысты. Жанель Имантаева 54 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы болып, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды. Ол 2024 жылы Ресейдің Якутск қаласында өткен Азия балалары спорттық ойындарының қола жүлдегері, 2023 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Ақнұр Тұрсынғали 57 келі салмақта өнер көрсетіп, Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. 2024 жылғы Қазақстан чемпионатында күміс, 2023 жылы…

Толық оқу

Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданының  тұрғындарын алдап соққан алаяқты ұстады. Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғынынан шағым түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, 35 жастағы әйел сенімге кіріп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деген сылтаумен олардың ірі көлемдегі қаражатын иемденіп кеткен. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады. – Қазір 40-тан астам алаяқтық дерегі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады полицияда. Қазір күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Облыстық полиция басқармасы азаматтарды зейнетақы жинақтарын шешіп беру, несие рәсімдеп беру немесе салымдарды қайтарып беремін деп…

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы Линьи қаласында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегация ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін «Shandong Huasheng Zhongtian» зауытымен,  электр желілеріне арналған металл тіректерді шығаратын кәсіпорын және көше жарығын қамтамасыз ететін жабдықтар өндірісімен де танысқан. Барлық өндірістік орындар заманауи технологиялармен жабдықталған және өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттайды. Компания жоғары берік әрі ұзақ мерзімділікке негізделген металл тіректерді өндіріп, онысын электр желілері мен қоғамдық жарықтандыру секторларында қолданады екен. Көшелерге арналып арнайы LED шамдар мен толық жарық…

Толық оқу