Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Дөңгелек үстел ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кіріспе сөзімен ашылды. Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды», – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, министр еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың, ерте жастан кәсіптік бағдар берудің маңызын атап өтті. Дөңгелек үстелге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков, «Мамандығым-болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов, Жетісу облысының колледж директорлары…
Автор: editor
Түркістан қаласында құрылыс заңдылығын сақтамаған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеріп келеді. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды: 112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы…
Абай облысы Үржар ауданы бойынша көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Күні бүгінге дейін елді-мекендерден 5424 мың текше метр қар шығарылды. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Су соруға арналған жиыны 20 дана мотопомпа дайын. Бензин қоры 5,6 тонна, дизельдік отын қоры 3,6 тонна. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына байланысты қосымша 14 тонна дизельдік отын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «Ауданда төтенше жағдай орын алған жағдайда 205 адам, әртүрлі 80 техника жұмылдырылады. Мекемелер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен азық-түлік, тамақтандыру, жатын орындар, көлікпен тасымалдау қызметі және жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге қатысты 23 келісім-ниет шарт және…
Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы салық жөніндегі тізімде өзі де бар екенін көргенін айтып, осы жайтқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде тарап жатқан суретті оқырмандары жарыса жіберген. «Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің «оборотым» мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңына сай толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де, заңгерім де, есепшім де…
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогерлерге қатысты ақпараттан кейін пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Мәжіліс дәлізінде журналистер Елемесовтен ҚМА блогерлерге қатысты қандай шаралар қабылдайтынын сұрады. Себебі бұған дейін олар кірісін 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткені туралы ақпарат тараған еді. «Мен де бұл ақпаратты оқыдым. Өте ауқымды сома туралы айтылып жатыр. ҚМА экономикалық тергеу қызметінің құрамындағы құқық қорғау органы болып саналады. Біз тек уәкілетті орган – салық комитеті қажет тексеріс жүргізіп, тиісті акт немесе қорытынды шығарғаннан кейін қылмыстық іс қозғай аламыз. Сол кезде мемлекетке төленбеген салықтың нақты сомасы анықталады», – деп түсіндірді Елемесов. Оның айтуынша, салық органдары тексерісі…
Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Бейжің мэрі Инь Юнмен кездесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Келіссөздердің басты тақырыптары — экология, көлік жүйесін дамыту және жайлы қалалық орта қалыптастыру. Инь Юннің айтуынша, соңғы 20 жылда Бейжің зиянды шығарындыларды айтарлықтай төмендетті. Бұл ойластырылған экологиялық саясаттың, ғылыми әдістердің және технологиялық инновациялардың жемісі. Қала экологиялық көлікті дамытып, экологиялық талаптарға сай келмейтін автокөліктердің қозғалысын шектеп, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту шараларын жүзеге асырды. Өз кезегінде Ерболат Досаев Алматыда экологияны жақсарту бойынша бірқатар бастама жүзеге асырылып жатқанын атады. Олардың қатарында жаңартылған Бас жоспар, қоғамдық көлікті дамыту және қала орталығындағы құрылыстың тығыздығын төмендету бар. Тараптар ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты, бұл Қазақстан…
Қызылордада прокурорлар бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мән-жай Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді. Нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталған. Прокуратура не дейді? «Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық істі тіркеді», — деп жазылған хабарламада. Прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды ErtenMedia. Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайратқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) және 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. «Қазір бірнеше эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр. Олардың қатарында Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жиналған қаражат пен су тасқынының салдарын жоюға арналған қаржы бар. Қаңтардың соңында жаңа дерек анықталды: ол мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын құру мақсатында аукцион өткізіп, 22 миллион теңгеге жуық қаражат жинаған. Алайда бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – деді Елемесов. Оның мәлімдеуінше, жиналған…
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады, – деп хабарлайды ErtenMedia. 20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Ғайни Алашбаева ақша жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылғаны туралы ақпарат тарады. Мәжіліс дәлізінде журналистер ҚМА басшысының орынбасарынан бұл мәліметтің рас-өтірігін сұрады. Елемесовтың айтуынша, Алашбаева алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша күдікке ілінген. «Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Әзірге оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», – деді Елемесов. Оның сөзінше, бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ. Айта кетейік, 2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа 1,5 миллиард теңгені…
Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр, оған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша келісімшарты 2025 жылдың басында аяқталатын жастар қатыса алады, — деп хабарлайды ErtenMedia. 17 ақпаннан бастап «Отбасы банкінде» «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында осы азаматтарды одан әрі кредиттеуге төлем қабілеттілігін растау рәсімі басталды. Төлем қабілеттілігін тексеруге жолдамаларды тұрғын үй орталығы электрондық және қағаз форматта ұсынады. Электрондық нұсқалар қатысушыларға WhatsApp арқылы көрсетілген телефон нөмірлеріне жіберіледі. Біліктілік алу үшін қажетті құжат берілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды болады. Жолдамасы бар жастарға квалификация алу үшін мына мекенжайлар бойынша банк филиалдарына жүгіну қажет:…