Автор: Асылхан Бөрібай

Астана қаласы

Астанада 13-15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік даңғылы 34 мекенжайында орналасқан «Astana Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық өнердің ұлы керуені — «Ұлы дала қолөнершілер керуен көшi» республикалық қолөнер жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Бұл шара жай ғана жәрмеңке емес, қазақтың терең тамырлы өнерін, ұлттық нақышын, дәстүр мен заманауи стильді тоғыстыратын ерекше мәдени кеңістік. Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады. Жәрмеңке аясында: қазақтың төл қолөнер туындыларының көрмесі, ұлттық стильдегі сән көрсетілімі, танымал қолөнершілер мен дизайнерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары, этномәдени бағдарлама және авторлық бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.…

Толық оқу
Қазақстан агросектор

Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығын жаңаша дамыту тәсілдерін талқылап, агросекторды цифрландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақмола облысының Қосшы қаласында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті көшпелі жиын өткізді. Аталған комитеттің төрағасы Серік Егізбаев жетекшілік еткен жиында тігінен интеграцияланған агрокәсіпорындардың озық тәжірибесін ел аумағына тарату жолдары айтылды. Іс-шара Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты биылғы жылғы Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруды көздейді. Серік Егізбаевтың атап өткеніндей, Ақмола облысының таңдалуы да бекер емес. Биыл аталған өңір республика бойынша астық жинаудан көш бастады. Сонымен қатар мұнда агрохабтар қалыптастыруға мүмкіндік беретін дамыған логистика мен цифрландыру деңгейі жоғары. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық циклмен жұмыс істейтін, терең…

Толық оқу
Мүгедек жандар Мәдениет

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының кіші залында көру қабілеті бұзылған жандарға арналған «Мен сені сүйем, Өмір» атты вокалдық байқау өтті. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері осындай бастамалар қаладағы мәдени өмірдің бір бөлігіне айналып келе жатқанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Байқауды «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп өткізді. Сахнаға тек ән айту үшін шыққан адамдар емес, қала өмірінен шет қалмай, қоғамдық жұмысқа араласып жүрген алматылықтар жиналды. Бірі үйреншікті жұмысынан кейін дайындыққа уақыт тапқан, енді бірі үйдегі тірлікті реттеп жүріп, репетицияға келген. Кештің салмағы да осында. Залда жүзден астам көрермен…

Толық оқу
«Ғылым ордасы» жанындағы

6-7 желтоқсанда Алматыда өткен Almaty Winter V5 Competition турнирінде «Ғылым ордасы» жанындағы Gylym FabLab робототехника зертханасының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Excellence Award және Tournament Champions марапаттарын жеңіп алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жеңіс Gylym FabLa командасына 2026 CREATE U.S. Open Robotics Tournament – V5RC High School халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігін сыйлады. Турнир барысында қатысушылар роботты құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ойлау мен тактикалық шешім қабылдау қабілеттерін кешенді түрде көрсетті. Gylym FabLab командасы техникалық дайындық, жобаның инженерлік шешімі, командалық үйлесім және жарыс стратегиясы бойынша төрешілердің жоғары бағасына ие болды. Жеңімпаз команда 2026 жылдың 16-18 наурызында АҚШ-тың Айова штатында өтетін әлемдік додада үздік…

Толық оқу
Маңғыстау Нұрдәулет Қилыбай

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты елді мекендерге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты, жаңа жедел жәрдем көліктері мен қызметтік автокөліктерді ауылдық округтерге табыстады, әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үйіне барып мәселелерін тыңдады және дзюдодан жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатының ашылуына қатысты. Сапардың маңызды оқиғаларының бірі – Рахат ауылында 1200 орындық №25 жаңа мектептің ашылуы. Білім ошағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Мектеп 61 арнайы кабинетімен жабдықталған, оның ішінде STEM зертханалары, робототехника, дизайн және технология, мәдениет және өнер, тамақтану мәдениеті,…

Толық оқу
Алматы полицейлері құтқарды

Алматыда бір зейнеткер өзін үлкен интернет-алаяқтықтан аман алып қалған полицейлерге арнайы келіп алғыс айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға бірнеше апта бұрын болған. Белгісіз адамдар өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, егде адамға «ақшаңызды қауіпсіз сақтаймыз» деген сылтаумен ірі соманы бергізбек болған. Мұндай сөзді естігенде зейнеткер сасып қалған. Алаяқтар соны пайдаланып, асықтырып қысым жасайды. Осыдан кейін Алматы қаласы полицейлері жағдайды дер кезінде тоқтатқан. Жедел әрекет нәтижесінде курьер ұсталып, қылмыстық схемаға қатысы бар өзге адамдар да анықталған. Ең маңыздысы зейнеткердің жинаған қаражаты толық қайтарылған. Зейнеткердің айтуынша, сол күнді әлі ұмытпаған. «Егер полиция дер кезінде көмектеспесе, өмір бойы жинаған ақшамнан айырылар едім» дейді…

Толық оқу
Тоқаев Ашхабад

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басты. Астанада Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран басшысы Масуд Пезешкиянмен кездесті. Одан кейін Тоқаев бірден Ашхабадқа ұшып кетті. Бұл кездейсоқ сапар емес. Себебі Қазақстан мен Иран арасындағы кез келген ірі логистикалық жоба Түрікменстан аумағын айналып өте алмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ашхабадтағы ресми келіссөздерде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедовпен және Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовпен жүздесіп, ұлкен жобаны талқыламақ. Бұдан үлкен инфрақұрылымдық жобаның пісіп-жетілгенін байқауға болады. Ресми түрде нақты жоба атауы жарияланған жоқ, бірақ бағыты мен маңызы түсінікті. Алдағы уақытта «Ақтау-Ашхабад-Тегеран» арасындағы автожол да, мұнай-газ құбыры да, сауда-саттық дәлізі де бар деген…

Толық оқу
Жұмысшы мамандықтар жылы

Астанада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-өндірістік орталығы мен елордадағы Құрылыс-техникалық колледж арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ресми құжат дуалды білім беру бағдарламасын іске қосу және отандық медициналық бұйым шығаратын өндірістік алаң ашуды көздейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа өндірістік алаң колледж базасында, травматология және ортопедия орталығының қолдауымен құрылды. Мұнда студенттер нақты сұранысқа ие техникалық мамандықтарды меңгеріп, заманауи жабдықтарда жұмыс істейді. Оқу процесінде лазерлік және дәнекерлеу станоктары, цифрлық басқарылатын қондырғылар пайдаланылады. Колледж студенттері тек теория оқып қана қоймай, сол жерде тәжірибеден өтіп, дағды жинайды, сонымен бірге атқарған жұмысы үшін жалақы алуға да мүмкіндік бар. Орталықтың бас директоры,…

Толық оқу
Олимпиада

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға шорт-тректен баратын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды. Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылар тізімі биыл 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік тур кезеңдерінің қорытындысы бойынша анықталды. Халықаралық рейтинг пен жалпы ұпай есептегенде, Қазақстан құрамасы шорт-тректен 9 олимпиадалық лицензия иеленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық құрама бас бапкері Петр Гамидов пен бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын төрт спортшы қорғайды. Олар Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан. Соңғы бірнеше маусымда тұрақты түрде әлем кубогы кезеңдеріне қатысып жүрген бұл спортшылар қазіргі таңда Қазақстан шорт-трек құрамасының негізгі өзегі саналады. Лицензиялар қашықтықтар бойынша…

Толық оқу
astana-investiciya

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек биыл іске асатын 55 инвестициялық жоба жайында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде Астанаға салынған инвистицияның көлемі 300 млрд теңгеге жуықтайды. Нәтижесінде 3,6 мыңға тарта жұмыс орны ашылған. Қалаға қаржы тарту мектеп пен емхана салумен шектелмейді. Өңдеу өнеркәсібі, көлік пен логистика сияқты нақты салаларға да көңіл бөлініп отыр. Әкімдік Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың ұсыныстары қараған. Тізімде акватермальды кешен бар. Көтерме-логистикалық орталық салу да көтеріліп, қалдағы ЖЭО күлін қайта өңдейтін қондырғы жөнінде де сөз болған. Осы үш бастаманың өзіне 31,5 млрд теңге инвестиция жоспарланыпты. Одан 400-ден аса жаңа жұмыс орны шығуы мүмкін. Бұдан басқа елордада модульдік…

Толық оқу