Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында маңызды оқиға — Онкологиялық орталықта қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялы желілік үдеткіш орнатылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл Солтүстік Қазақстанда енгізілген алғашқы аппарат. Бұл маңызды жоба «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асты. Бүгін СҚО әкімі мен Ғауез Нұрмұхамбетов қордың төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен бірге заманауи құрылғының мүмкіндіктерімен танысты. «Бұған дейін біздің тұрғындар бұл қызметті алу үшін басқа өңірлерге баруға мәжбүр болатын. Енді жоғары технологиялы медициналық көмек өзімізде қолжетімді болды. Halcyon желілік үдеткіш пен соңғы буындағы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған компьютерлік томограф сәуле дозасын дәл есептеп, ісіктің шекарасын нақты анықтауға және сәулені тек зақымданған жасушаларға…
Автор: Асылхан Бөрібай
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі халық жиі баратын демалыс орындарын аралап, аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі уақытта облыс орталығының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабынын толық ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, асфальт жабынын қырып алу аяқталуға жақын. Ертеңнен бастап көлік өткеліне арнайы материал төсеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыс осы саланың білікті мамандарының қатысуымен, көпірлерге арналған технологиялар бойынша жүргізіледі. Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам арнайы техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр. Аймақ басшысы сол жағалаудағы көпір астындағы қоғамдық кеңістікті көрді.…
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысында кең ауқымды тарихи-өлкетанулық іс-шара өтті. Атап айтқанда, 3-5 маусым күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен Жәнібек аудандық туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Ақжайықтану» туристік-өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Экспедицияның басты мақсаты — жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, тарихи санасын қалыптастыру, сонымен қатар Жәнібек ауданының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихын, ардагерлердің өмір жолын, жергілікті ескерткіштер мен тұлғаларды таныту. Экспедицияға 21 білім алушы мен 3 жетекші қатысты. Маршрут бағыты: Орал қаласы – Чапаев ауылы – Ақпәтер ауылы – Ұзынкөл ауылы – Жәнібек ауылы – Орал…
Дархан Сатыбалды қаладағы жөндеу жұмыстарын сынап, бордюр мен асфальтты себепсіз ауыстыра беруді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қала басшысы Бостандық ауданындағы бірқатар жобаларды тексеру барысында жөндеу жұмыстарының барысына сын айтты. Әкім, әсіресе, жарамды жол жиектері мен бүлінбеген асфальт жабындарын орынсыз ауыстыруға наразы болды. Ол мұндай жұмыстарға қыруар қаржының жұмсалуы орынсыз екенін атап, жауапты мамандарға нақты тапсырма берді: «Бордюрді немесе тас жолды тек ауыр зақымданған, көрініп тұрған ақауы бар жағдайда ғана ауыстыру керек. Бекерге қаржы шашпай, бюджетті тиімді пайдалануға назар аударыңыздар», – деді Дархан Сатыбалды. Әкім Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысындағы сквердегі жағдаймен де танысты. Қазіргі уақытта мұнда жасанды су…
Үш жыл бұрын дәл осы күні бұрынғы Қапшағай қаласы Алматы облысының орталығы болып, оған Қонаев есімі берілген болатын. Осы аз уақытта облыс қана емес, Қонаев қаласының өзі қарқынды дамудың символына айналып үлгерді, деп жазады Ertenmedia. Қаланың облыс орталығы мәртебесін алуы аймақтың әлеуметтік-экономикалық тынысына тың серпін берді. Нәтижесінде облыстағы жалпы өңірлік өнім үш жылда 109,6%-ға артып, 5,9 трлн теңгеге жетті. Әсіресе, өңірдің шикізаттық емес секторы бойынша республикадағы алғашқы бес өңірдің қатарына қосылуы – ерекше атап өтуге тұрарлық жетістік. Үш жылдың ішінде Алматы облысына тартылған инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеден асты. Бұл қаржы өңірде жаңа өндірістердің, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына, халықтың әлеуметтік…
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынуда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Жоба Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ақбұлақ» спорт орталығының базасында жүзеге асырылуда. 2024 жылдың қыркүйек айында «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігі мен «Doscar Group» ЖШС испаниялық «Атлетико де Мадрид» футбол клубымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Орталық Азияда алғашқы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясын құру жоспарланған. Академия құрылысы үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең – балалар академиясының нысандарын салу – 2025…
«Елорда жастары» бағдарламасымен үй алған жастардың қатары артып келеді. Көпке пайдасы мол жоба бойынша жеңілдетілген несие көлемі 20 миллион теңгені құрайды. Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі Әнуар Набиев мемлекет бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыдан 5 жыл бұрын басталған бағдарлама бүгінде жемісін беріп отыр. Астананың отбасылы тұрғыны Әнуар Қорғанбайұлы бағдарламаның талаптары жастарға өте тиімді екенін айтады. «2019 жылы жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысып, бес жыл бойы мемлекет берген пәтерде тұрдық. Ол уақытта 2 баламыз болды. Ұлым 3-те, қызым 2-де. Бұл уақыт өз үйімізді сатып алуда маңызды рөл атқарды. Себебі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент өз құттықтауында мұсылман жұрты үшін айрықша саналатын мейрамның рухани мән-маңызын ерекше атап өтті. «Ардақты ағайын! Құрбан айт жүректерге мейірім ұялатып, жандарды жақсылыққа жетелейтін ізгі мереке. Бұл күндері халқымыздың бойындағы қайырымдылық, бауырмалдық пен мейірбандық сияқты асыл қасиеттер қайта жандана түседі. Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша айт кезінде мұқтаж жандарға қол ұшын созу, көмек көрсету әрбіріміздің адами парызымыз», – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы ел бірлігінің берік болуы дәл осындай адамгершілік құндылықтармен байланысты екенін атап өтті. «Құрбан айт ел-жұрттың бір-біріне деген шынайы сыйластығы мен қамқорлығының, ырысты ынтымақтың айқын…
Қазақстан алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын бастауға дайындалып жатыр — бұл қадам елдің энергетикалық картасын өзгертуге қабілетті. Алайда, айқын мәлімдемелердің артында сан алуан жорамалдар да бар. Осы орайда, Zakon.kz Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтен қоғамда туындаған түрлі болжамдарға түсініктеме беруін сұрады. — Саябек Қуанышбекұлы, Қазақстандағы ядролық кластерді дамытудағы Ядролық физика институтының рөлі туралы айтып берсеңіз. — Ядролық физика институты — іргелі және қолданбалы зерттеулерден бастап өнім өндіруге дейінгі толық циклді ғылыми-өндірістік институт. Біз медициналық және өнеркәсіптік мақсаттағы изотоптарды өндіру технологияларын дамытып келеміз, олардың қатарында Mo-99, I-131, F-18, Ir-192 және Co-57 бар. Сондай-ақ, нейтрондық талдау, радиациялық стерилизация және…
Ел назарына ұсынбақ сын пікіріміз XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының бодандығын қабылдау кезінде айрықша белсенділік көрсеткен Табын руынан шыққан Бөкенбай және оған қатысты тарихшы И.Ерофееваның жалған деректер мен бұрмалаушылықтарға құрып жазған «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» атты кітабы (Алматы, 2017 жыл) жайында. Бұл 2018 жылы «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» деген атаумен қазақ тілінде жарық көрген-ді. Алматы қаласынан. Аударған М. Ақдәулетұлы. Айтпағымызды кітаптың осы қазақша нұсқасы бойынша өрбітеміз. Пікірімізге Рыцарь ның басқа да еңбектерін куәлік етеміз. Сонымен. 1. Табын Бөкенбайды өлтірген қалмақтар ма, түрікпендер ме? Ерофеева Табын Бөкенбай батырдың өлімі туралы шындық пен мүрдесі жерленген…
