Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды. – Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз «Туыңды тік ұста!» деп өсиет қалдырды.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Шымкентте былтыр бюджеттен миллиондап қаржы бөлініп, қаланы жасыл желекке айналдырады деген көшеттер бір-ақ жылдың ішінде солып, жарамсыз күйге түскен. Күтімі жоқ ағаштардың қурап жатқаны тұрғындардың наразылығын туғызып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. Қаладағы Әл-Фараби көшесіне былтыр егілген 8 мың түп көшеттің бірде-бірі бүр жармаған. Жасыл желектің орнына тек қураған тал-теректердің сабағы қалған. Қоғам белсендісі Сабыржан Байбосынов бұл жағдайды қаржыны желге шашу деп бағалады: «Қазір ағаш қурайтын уақыт емес. Бірақ егілген көшеттер күтім көрмей, бір жылдан қалмай құрып жатыр. Осылай жалғаса берсе, Шымкенттің көгалдандыру жұмысын мүлде тоқтату керек. Миллиондаған қаражатты көшет егуге бөліп, соған жауапты мекемелер түк…
Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) университетінен 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алған. «Бұл шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында…
Алматыда сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған. Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған. 2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан…
Алматы облысы Шелек ауылының тұрғыны, жүк көлігінің жүргізушісі Нұржан Жанаев Әзербайжан шекарасында бес тәуліктен бері шарасыз күйде отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Отандасымыз Қытайдан Әзербайжанға сегіз автокөлік тасымалдап апарған. Әр екі көлікке бір CMR жүкқұжаты берілген. Барлығы – төрт жүкқұжат. «Барлық құжатты шекара бекетіндегі терезеден тексеруге бергенмін. Қайтарып берген кезде бір-бір парақтан жоқ екенін байқадым. Бір құжаттың үш парағының біреуі жоқ, екіншісінде шот-фактура жетіспейді. Егер өзім жоғалтсам, құжатты толық жоғалтар едім ғой. Бір парақтап жоғалтуым мүмкін емес», — дейді жүргізуші. Құжаттың толық еместігіне байланысты Әзербайжан шекарашылары Жанаевты ел аумағынан шығармай отыр. «Қытайдан құжаттардың көшірмесін сұрап, PDF форматында алдырдым. Бірақ шекарашылар енді…
Соңғы уақытта сирек кездесетін металды барлау жұмысын үдеткен биліктің әрекеті жемісін беруде. Еліміздің бірнеше өңірінде жоғары технология нарығына ауадай қажет тантал мен ниобийдің мол қоры табылды деп хабарлайды Ertenmedia порталы Finratings-ке сілтеп. Геология комитетінің басшысы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, 2021 жылдан бастап еліміз бойынша 12 учаскіде геологиялық барлау жұмысы жүргізілген. Бүгінге дейін солардың 10-ауында аталған сирек металдардың қомақты қоры анықталған. Жаңадан ашылған кен орындарының екеуі Шығыс Қазақстанда, үшеуі Түркістанда, тағы үшеуі теріскейде орналасқан. Солардың ішіндегі ең ауқымды кен орны Қарағанды облысының аумағындағы Күйректікөл учаскесі. Болжам бойынша, мұндағы сирек металдардың жалпы қоры 20 млн тоннадан асып жығылады. Әзір Ақорданың экономикалық блогы жаңа…
Қытайдың ірі цемент өндіруші компаниясы Sinoma Cement Қазақстанда алғашқы ірі зауытын іске қоспақ деп хабарлайды Ertenmedia. Кәсіпорын Ақтөбе облысының Байғанин ауданында салынады. Жобаға Қазақстан тарапынан Pimus Capital инвестициялық компаниясы серіктес болып отыр. Жалпы құны 200 миллион долларды құрайтын зауыт тәулігіне 3500 тонна цемент шығарады деп жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы 2027 жылдың екінші жартысына белгіленген. Жоба нәтижесінде өңірде 1260 жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа зауыттың салынуы Қазақстанның батыс аймағындағы құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз етіп, елді Ресей мен Ираннан импортталатын цементке тәуелділіктен құтқарады деп күтілуде. Қазіргі таңда компания зауыт салынатын аймақта геологиялық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Шикізаттың сапасы мен қоры толық расталып, инвестициялық…
Бүгін Байқоңырдағы «Десятилетие» стадионында Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының 70 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Баканов, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты. Шара Байқоңыр кешеніндегі 14 ұйым мен мекеме ұжымдарының шеруімен басталды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік Гимндері орындалып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В.Скляр Байқоңыр – ғарышқа жол ашқан мекен, мерейтой Қазақстан мен Ресей арасындағы достық…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтымен бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Форумға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен келген жетекші талдау орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Алқалы жиында сөз сөйлеген Ерлан Қарин көпжақты диалогты нығайтудың маңызына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттік кеңесші таяу арада Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің…
Қазақстанда 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ең ауқымды статистикалық бақылау — Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл жайлы ҚР Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Санақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіледі және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, Үкіметпен бекітілген. Ол екі кезеңде жүргізіледі: 1–31 тамыз аралығында — респонденттер sanaq.gov.kz порталында санақ парақтарын өз бетінше толтыра алатын онлайн-сауалнама; 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында — онлайн-анкета толтырмаған үй шаруашылықтарына интервьюерлер баратын офлайн-кезең. Оған дейін, маусым айында,…










