Ғасыр жасаған Александр Журавлев сергек, әрі ширақ көрінеді. Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті. Александр Журавлев соғыстың қызған шағында майданға шақырылды. Ол 1943 жылы 17 жасқа толды. Карелия майданында зеңбірекші-барлаушы болып соғысуға тура келді. Бір жылдан кейін Украинаны азат етуге қатысты. Эльба өзенінен өтті. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Онда жау сарбаздары кескілескен шайқастан бөлек, қоян-қолтық ұрысқа түсті. Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Ал запасқа шығарылғаннан кейін құрылыс инженері ретінде бейбіт кәсіпті таңдады. Әскери ерліктері үшін Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік…
Автор: Асылхан Бөрібай
«ЭКСПО-2017» көрмесіне бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты атышулы іс қайта көтерілді деп жазады Ertenmedia. Мәжіліс Бас прокуратура мен Антикорға сауал жолдап, осы істе нақты кінәлі тұлғаларды анықтап, жаңа тексеріс өткізуді талап етті Депутат Ермұрат Бәпи құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап, осы іс бойынша сотталған ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтың айыбы жеткілікті дәлелденбей-ақ жазаға тартылғанын айтты. Бұған БАҚ-та жарияланған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың сұхбаты себеп болған. Омаров өз мәлімдемесінде қылмыстық істің қолдан құрастырылғанын, нақты кінәлілердің жауаптан тыс қалғанын атап өткен еді. Бапидің даты Осыған орай, депутат Бәпи істің 500 томдық материалымен танысып шыққанын, бірнеше кездесулер…
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық диалогты дамытуға және бірлік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерейтойлық жылдың басты оқиғасы – 2025 жылғы 30 мамырда Қонаев қаласында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясының өтуі болды. Сессияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық етті. Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам тақырыптық іс-шара өткізілді, оған 40 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараларға 34 этномәдени бірлестіктің өкілдері (оның ішінде 18-і облыстық деңгейде), Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Ассамблея жастары» жастар қанатының белсенділері, медиаторлар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Мерейтой жылы этносаралық келісім…
Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астанада өткен кездесуде екі елдің әріптестігін кеңейту туралы уағдаласты. Кездесу қорытындысында тараптар бірнеше маңызды бағыттар бойынша серіктестік орнатуға келісті деп хабарлайды Ertenmedia. Атап айтқанда, екі ел азаматтарының көші-қон мәселелерін реттейтін арнайы келісім жасалды. Бұл құжат Қазақстан мен Италия арасындағы құқықтық қатынастарды нығайтып, екі ел азаматтарының құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Сондай-ақ, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика және экологиялық қауіпсіздік саласында әріптестікті тереңдетуге келісті. Екі мемлекет стратегиялық маңызды шикізат қорлары мен сирек қазба байлықтарын бірлесіп игеру жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізді. Бұдан бөлек, Қазақстанның ірі ұлттық…
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауылына жұмыс сапары барысында өңірде, соның ішінде аудан орталықтары мен ауылдарда туризмді дамытуда жол бойы сервисі маңызды рөл атқаратынын атап өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңызды қадамдардың бірі ретінде Үлкен Нарын ауданы әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында жол бойы сервистік нысанның ашылуын айтуға болады. Бұл жоба аудан инфрақұрылымын жақсартуға, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау көзделуде. «Туризмді дамыту үшін ең алдымен жол, инфрақұрылым және жол бойы сервистік қызметтер қажет. Өткен жылы облыс бойынша 710 шақырым жол жөнделді, биыл тағы 870…
Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскадымен бірге топтық су құбырын салу жобасына жеке инвестиция тартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоба аясында ұзындығы 12 шақырымдық туннель қазу, ұзындығы 40 шақырым болатын су құбырын, су жинау қоймасын және Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылындағы су тазарту станциясын салу, сондай-ақ бес шағын гидроэлектр станциясынан тұратын каскад салу көзделген. Бұл жоба Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның қуаттылығы – жылына 110 млн текше метр ауыз су және сағатына 72 мегаватт электр энергиясы. Бұл өңірге қосымша энергетикалық қуат береді. «Министрлік Қазақстанның су шаруашылығына…
ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту. Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде насихаттайтын бұл кеңсенің ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, ізгі ниетін жеткізді. – Екі ел арасындағы байланыс бірнеше ғасырға жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бұл тарихи сабақтастық әлем үшін де маңызды. Біз Қытаймен арадағы осы байланысты іскерлік бағытта жаңғыртып, Түркістан облысының туризмін жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Кеңсеміздің ашылуына үлес қосқан SkyWay туроператоры мен Шанхай…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматыбасжоспар»-да кеңес өткізді, онда оған кәсіпорынның ағымдағы қызметі және қаланың тұрақты даму стратегиясын қалыптастыру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұрыннан белгілі, Алматының даму бағдарламасы мен қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары дамудың моноорталықтық моделінен полиорталықтық моделіне көшуді көздейді. Қала басшысына бес негізгі полиорталықтар — іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылды. «Солтүстік» полиорталығы — «Алматы-1» теміржол станциясына іргелес аумақ. Бұл полиорталықта қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын болады, салынып жатқан құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі,…
Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы – iKOMEK109 тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өтініштерге жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін жаңартылған ақпараттық платформаны – iKOMEK 2.0 іске қосады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық жетекшісі Асқар Тақсымов айтып берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байланыс орталығы iKOMEK109 – елорданың өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйенің негізгі буыны. 109 қысқа нөміріне 23 басқарма, 6 аудан әкімдігі, барлық коммуналдық қызметтер, лифт шаруашылықтары, ПИК және тұрғын үйлерді күтіп-ұстаушы ұйымдар біріктірілген. Орталық жыл сайын 2,2 миллионнан астам өтінішті өңдейді. Күніне 8000-ға жуық қоңырау қабылданады – коммуналдық ақаулар туралы хабарламалардан бастап жедел араласуды қажет ететін төтенше…
Экс-президент Назарбаев пен Кремль көсемінің аяқасты кездесуі тегін болмай шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, Ресей осы арқылы Қазақстанға «Росатомды» тықпалап отыр. Әбішұлы Кремль үшін Тоқаев билігіне ықпал етудің кезекті тетігі ғана «Мәскеу қазір Ақордаға қысым көрсетіп жатыр. Алдағы бір-екі аптада Қазақстан АЭС салатын компанияны таңдап, түпкілікті шешім қабылдауы тиіс. Әуелде жобаның басты үміткері «Росатом» болатын. Бірақ оның қаржылық жағдайы мүшкіл. Қалт-құлт етіп отыр. Тоқаев бұл жобаға БЖЗҚ-ның немесе Ұлттық қордың бір тиынын да жұмсамайтынын бірнеше рет кесіп айтқан», – дейді Нұрлан Жұмағұлов. Оның атап өткеніндей, Ресей бұған дейін еліміздегі үш көмір станциясын салуға қаржы құюы тиіс болған,…
