Шымкентке алдағы бес жылда 6,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отырғанын бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Соңғы үш жылдың өзінде шаһар экономикасына 2 трлн теңгеден астам қаражат құйылған. Соның 75 пайызы жеке инвесторлардың қаржысы. Орташа жылдық өсім 11 пайыз. Яғни, Шымкентке бизнес тарапынан тұрақты сұраныс бар, инвестор үшін тәуекелі түсінікті, болжамы жаман емес аймаққа айналып келеді , деп жазады Ertenmedia.kz. – Инвестициялар қаланың экономикалық дербестігін айқындайтын негізгі күш. Біз бизнес үшін ашық әрі тұрақты орта қалыптастырып келеміз. Соның нәтижесінде тартылған қаражаттың 75 пайызы жеке инвесторларға тиесілі. Бұл Шымкенттің нарық үшін сенімді өңірге айналғанын…
Автор: Асылхан Бөрібай
Көлік-транзит саласын дамыту және оны цифрландыру – елдің экономикалық саясатының маңызды бағыты. Геосаяси өзгерістер, жаһандық жеткізілім тізбектерінің қайта құрылуы және жаңа транзиттік мүмкіндіктер Қазақстанның логистикалық хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық дәліздерді айқындау және халықаралық интеграцияны жаңа деңгейге көтеру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Li Auto бренді Алматыда алғаш рет ресми түрде өз есігін ашты. DOSCAR GROUP компаниясы ұйымдастырған бұл іс-шара отандық автоиндустриядағы ең елеулі әрі көпшілік асыға күткен оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды Ertenmedia. Самал-3 шағын ауданында орналасқан жаңа автосалон 10 желтоқсан күні алғашқы келушілерді қабылдап, Li Auto көліктерінің инновациялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Автоорталықтың ашылу салтанатына белгілі кәсіпкерлер, сарапшылар, медиа өкілдері мен электрокөлік технологиясын қолдаушылар қатысты. Жиын барысында қонақтар Li Auto модельдерінің интеллектуалды қауіпсіздік жүйесін, жүргізушілерге ыңғайлы ойластырылған эргономикасын, жоғары сапалы материалдары мен заманауи дизайнын көріп, бағалады. Жаңа дилерлік орталық Li Auto брендінің әлемдік стандарттарына сай жабдықталған. Салонның ішкі кеңістігі көлік маркасының инновация, жайлылық…
Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілмек. Астанаға алғаш рет табан тіреген Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесуде екі ел арасындағы өзара мүдделі мәселелер кеңінен талқыланды, деп жазады Ertenmedia. Ақордада өткен басқосуда презилент Тоқаев Иранды Қазақстанның көршісі ғана емес, Каспий аймағындағы сенімді стратегиялық әріптесі деп атады. «Көрші тату болса құт» деген халық даналығын тілге тиек еткен Мемлекет басшысы былтырмен салыстырғанда биылғы он айда сауда-саттық көлемінің 40 пайызға артқанын айтты. Өз кезегінде Иран басшысы Пезешкиан Астанаға сапары екі ел арасындағы байланыстарды бекемдеп, жаңа белеске бастайтынына сенім білдірді. Келіссөздің негізгі бөлігінде сауда мәселесі сөз болды. Бұған дейін екі мемлекет өзара тауар айналымын…
Британдық Shell компаниясы Каспий құбыр консорциумындағы (КТК) үлесін сақтап қалып, ресейлік серіктесі «Роснефтьпен» жолын ажыратуға ниетті, деп жазады Ertenmedia. Reuters агенттігінің дереккөзіне сенсек, Shell дәл қазір КТК-дағы үлесінің бір бөлігін «Rosneft-Shell Caspian Ventures» атты бірлескен кәсіпорны арқылы иеленіп отыр. Құрылым консорциумның 7,5 пайыздық үлесін бақылайды. Shell-дің бұған иелік ететін бөлігі шамамен 3,7 пайыз. Алайда компания АҚШ санкция байланысты енді ресейлік тараппен әріптестікті тоқтатуды жөн санайды. Қазан айында Уашингтон «Роснефтьке» қатысты жаңа санкция енгізген болатын. Түнеукүні Путин Shell мен «Роснефть» бірлескен кәсіпорнының КТК-дағы үлесіне қатысты мәміле жүргізуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойған еді. Бұған дейін АҚШ Қаржымині КТК-ны, «Теңізшевройлды» және Қарашығанақ…
Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шәбікбаев пара алды деген айыппен сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Ertenmedia. Лауазымды тұлға қараша айында ұсталған. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған. Алғашқы сот отырысы бүгін, 11 желтоқсанда Хромтау аудандық сотында өтті. Шәбікбаев Хромтау қаласының әкімі қызметіне 2023 жылы сайланған болатын. Қазір қала әкімінің орны бос қалды. Кезектен тыс сайлау келер жылдың 11 қаңтарына белгіленген. Әкім лауазымына үміткерлердің есімдері алдағы уақытта белгілі болады. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Қандыағашта да тіркелген еді. Бұған дейін аталған қаланың әкімі Қазбек Аққайыр қызметтік кабинетінде әйел адамды ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылған. Аққайырдың өзі бұл айыпты жоққа шығарғанымен,…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте қала экономикасының 10 айдағы қорытындысын жариялады. Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары арасында Шымкент экономикасының жалпы өсімі 14,8 пайызға жеткен. Осы көрсеткіш мегаполисті республика бойынша алдыңғы қатарға шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Шымкент қаласындағы экономикалық өсу тек бір сектор есебінен емес, бірнеше бағыттың бірге жұмыс істеуінің нәтижесінде мүмкін болғанын әкім жіліктеп түсіндіріп берді. Қала басшысының айтуынша, жоғары көрсеткішті қалыптастыруға сауда, байланыс, өнеркәсіп, құрылыс, инвестиция бәрі оң әсерін тигізген. Соңғы уақыттары қаланың ішкі нарығы жанданып, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігі артқан. – Экономикадағы өсім қала тұрғындарының белсенділігі мен кәсіпкерліктің динамикасымен тікелей байланысты. Сауда көлемінің…
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia. Брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап қатқан қала басшысы әлгі іске өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін, мұндай әңгімелердің негізсіз өсек-аяң екенін жеткізді. «Біз құқық қорғау органы емеспіз. Сот өз үкімін шығарды, кінәлі адам жазасын алды. Ал осы іске менің қатысым бар деген сөздің бәрі жала. Әлбетте адам өзін қорғау үшін түрлі нәрсені айта береді. Осы тұста әңгіме тәмам болуы керек еді. Сот шешімін шығарды, болары болып, бояуы сіңген мәселені қайта-қайта қозғаудың қажеті жоқ», – деді әкім. Сыздықбековтің айтуынша, орынбасары Руслан Берденов қала…
Шымкентте биыл жұмысқа орналасу мен әлеуметтік қолдау бағыты бойынша бірқатар нақты нәтиже тіркелді деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл тураcында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімет берді. Оның сөзінше, негізгі басымдық тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, жәрдемақыға тәуелділікті азайту және еңбекақы деңгейін біртіндеп көтеру, Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері Шымкентте шамамен 34 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл ретте еңбек шарты бар, ай сайын тұрақты жалақы төленетін жұмыс орындары туралы сөз болып тұр. Ал түрлі жұмыспен қамту бағдарламаларына, қысқа мерзімді жобаларға, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға тартылғандар саны 46 мыңнан асады. Бұл қалада еңбекке араласуға мүмкіндік алған…
Алматы қаласындағы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Қала құрылысын бақылау басқармасы нысан бойынша бұған дейін жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін, соның нәтижесінде «Он жеті» жеке кәсіпкерлігіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылғанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеруден кейін аталған екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданған. Сот қарауынан соң 2025 жылғы 23 маусымдағы шешіммен талап толық қанағаттандырылған. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 20 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім күшінде қалғаны көрсетілген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау кезеңі басталған. Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу…










