Автор: editor

2025 жылғы 26 наурызда Эстонияның Таллин қаласында «Наурыз» мерекесі аясында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшілігі және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы бірігіп, алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағын ұйымдастырды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараға Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі — Алтай Көлгінов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-президенті — Мақсат Раманқұлов, дипломатиялық корпус өкілдері мен жергілікті билік басшылары қатысты. Шеберлік сабағын тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы — Серік Ақтаев өткізді. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. 2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысына 41 елдің спортшылары қатысты. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан 7 Әлем чемпионаты, 6…

Толық оқу

2025 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берілетін барлық дерлік шетелдік көмекті 90 күндік тексеру жүргізу үшін кенеттен тоқтатты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл тексерудің мақсаты – қаржыландырудың «Американың мүдделеріне» сәйкес келетінін анықтау болды. Мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) жүргізген шаралар аясында банк шоттары бұғатталып, кеңселер жабылып, мыңдаған гуманитарлық қызметкер жұмыстан босатылды. USAID – әлемдегі ең ірі қаржылық донорлардың бірі. 2014-2024 жылдар аралығында агенттіктің жалпы төлемдері 280,9 миллиард долларды құрады. Ақ үй USAID-тің даулы шығындарының тізімін жариялады, оған террористік ұйымдармен байланысы бар үкіметтік емес ұйымдарға аударылған жүздеген мың доллар,…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданының Улкен ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында өңір басшысы негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, АЭС жобасын жүзеге асыруға байланысты ауылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың сүйемелдеуімен өңір басшысы жер телімінің сипаттамаларын зерттеп, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. АЭС құрылысы мен оның одан әрі пайдаланылуын қажетті ресурстармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін облыс әкімі Индустриалды аймақ құруды тапсырды. Бұл аймақ қосалқы және ілеспе бизнестерді, сондай-ақ кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды…

Толық оқу

Алматы облысы Талғар ауданында жоспарланған егістік алқабы шамамен 20 мың гектарды құрайды. Оның ішінде шамамен 50%-ы дәнді дақылдарға, 1800 гектарға жуығы майлы дақылдарға, 700 гектарға жуығы картопқа, 900 гектардан астамы көкөніс дақылдарына, 100 гектары бақтарға, ал мал азығы дақылдарына шамамен 5700 гектар бөлінген, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Биылғы жылдың наурыз айынан бастап алқаптарда 12 мың гектар аумақта тырмалау және ылғал сақтау шаралары жүргізіледі. Жер жыртуға 7400 гектарға жуық жер бөлінсе, себу алдындағы өңдеу 13 мың гектардан астам аумақта жоспарланған. Күздік дәнді дақылдар шамамен 3 мың гектарды алып жатыр және олардың жағдайы қанағаттанарлық. Көктемгі науқанды жүргізу үшін аграршылар 600-ден астам трактордан тұратын…

Толық оқу

Жасөспірім баланың жанын жаралайтын ең ауыр соққы қатарластарының әлімжеттік әрекеттері. Мұндай жайттар көзге көрінбегенімен, баланың өмірін шайқап, психологиялық салмақ түсіретіні жасырын емес. Соңғы кездері балалардың бір-біріне деген қатыгездік пен тасбауырлығын көргенде өн-бойын түршігіп кетеді. Әлімжеттік – қазақы ұғымға жат дүние сияқты көрінгенімен, жасөспірімдер арасында жүйелі түрде қайталанып жатқан құбылыс екенін байқауға болады. Бұрын «тәртіп бұзды» деген сөздер оқушыға тән дүние елі. Қазір «буллингтің құрбаны болды», «видеосы тарады», «өз-өзіне қол салды» деген тіркестер жиі еститін болдық. Абай облысындағы соңғы жағдай – осының кезекті мысалы. Бірігіп жүріп бір баланы соққыға жыққан топ, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салуы жай ғана инцидент емес.…

Толық оқу

Адам саудасы заңсыздықтың ең шеткі шекарасында жүріп, адамның құқығын тауарға айналдыратын, жанды заттай сата салатын, ең сорақы қылмыстардың бірі. Ең ауыры – бұл қылмыс жайлы халық аз біледі. Себебі бұл – латентті қылмыс, яғни жасырын сипатты, көп жағдайда ашылуы да өте қиын. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінше, адам саудасына қатысты 116 қылмыстық іс тіркелген. Былтырғы осындай кезеңде – 112. Яғни көрсеткіш бір қалыпта тұр десек болады. Сарапшылардың айтуынша, нақты көрсеткіш бұдан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Тіркелген 116 істің 54-і – «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық» бабы бойынша. Бұл – қылмыстық кодекстегі…

Толық оқу

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин QOGAM арнасына берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың мән-маңызы мен ерекшелігі турасында айтып, қоғамда жиі талқыланатын кейбір мәселелерге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ерлан Қариннің сөзінше, Ұлттық құрылтай бір күндік отырыспен бітетін жұмыс емес, пленарлық отырыстан кейін де көтерілген мәселелерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар қолға алынады. «Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі сол – белгілі бір мерзім ішінде, қандай жағдай болмасын орындау керек деген түсінік жоқ. Әрдайым әріптестеріме де ескертіп отырамын. Нақты мерзім ішінде орындау – басты мақсат емес, ең маңыздысы – оны сапалы орындау. Егер қандай да бір мәселені тереңірек қарастыру қажет болса, оны жан-жақты зерттеу керек. Ал…

Толық оқу

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын кезеңінде «Біртұтас дрон инфрақұрылымы» жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бұл жоба Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асты. Аталмыш жоба өңірге жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр Олжас Бектеновке таныстырылды. Бүгін жобаның жүзеге асуымен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімдігі жанындағы жаңа ситуациялық орталықта танысты. Бұл  «Қазақтелеком»  мен СҚО әкімдігінің бірлескен жобасы. Дрондар арқылы тасқын жағдайы тәулік бойы, нақты уақыт режимінде бақыланады. Барлығы 8 дрон су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды әуеден бақылауда: Шағалалы өзені, Тайынша қаласы; Тоқсан би, Мүсірепов ауданы; Сергеев су қоймасы; Покровка, Есіл ауданы; Новоникольское көпірі; Тепличное және Прибрежное; Большая Малышка;…

Толық оқу

2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды. Терминалдың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Halyk қорының басшылары мен аудан ақсақалдары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бұл маңызды инфрақұрылымдық жобаның иесі — “Еуразия Транс Логистик» ЖШС. Маңғыстау облысының әкімдігі «Halyk» қорынан қаржы алып, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, астық терминалының қайта іске қосылуын қамтамасыз етті. Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында терминалды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бейнеу астық терминалының қайта іске қосылуы – өңір дамуы үшін стратегиялық маңызды қадам болып…

Толық оқу

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден астам мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды. Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-еуі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу…

Толық оқу