Автор: Асылхан Бөрібай

ШҚО-да 436,1 мың гектар жерге егін егілді, бұл жоспарланған көлемнің 70 пайызын құрайды. Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2025 жылы облыстағы жалпы егістік көлемі 618,1 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 мың гектарға көп. Атап айтқанда, дәнді дақылдарға 252,6 мың гектар, майлы дақылдарға 224,5 мың гектар бөлінген. Оның ішінде 207 мың гектары күнбағысқа арналған. Сонымен қатар, картоп пен қарақұмық егілетін алқаптар да ұлғайтылған. Агроөнеркәсіп кешеніндегі басты жаңалықтардың бірі – заманауи себу техникасының кеңінен енгізілуі. GPS-навигация және қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған кешендер агротехникалық талаптарды дәл сақтауға, тұқым…

Толық оқу

Елордада «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының 21-еңбек маусымының ашылуы салтанатты түрде атап өтілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шара амфитеатрда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, «Студенттік құрылыс және жастар жасақтарының республикалық қозғалысы» қоғамдық қорының қолдауымен өтті. «Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жұмыс істейтіндерге 64 564 теңге мөлшерінде жалақы мен арнайы форма беріледі. Оқушылар мектеп аумағында жұмыс істеуге құқылы. Ал ересек жастар қаламыздың саябақтары мен гүлзарларында еңбек ете алады. Еңбек кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалар күніне 4 сағат, аптасына 5 күн жұмыс істей алады. Бұл жобада біз…

Толық оқу

Қаржы мониториң агенттігі Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек пен оның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.  Бұған дейін журналистер Байбектің отбасы мүшелерінің атышулы Esentai City тұрғын үй кешеніндегі мүліктері туралы сұрақ қойған. Аталған ЖК-дағы жылжымайтын мүліктің бір бөлігін атышулы Қоспаевтың қылмыстық тобы заңсыз иемденген еді. АФМ төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, Байбек пен оның жақындарына қатысты агенттікте ресми тіркелген қылмыстық іс жоқ. «Бауыржан Байбектің өзіне де, әкесіне де ешқандай іс қозғалмаған. Ал Қоспаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Сонымен қатар бұл іске қатысы бар басқа лауазымды тұлғалар мен әлі анықталмаған адамдарға қатысты бөлек іс қозғалды. Олардың арасында осы…

Толық оқу

Алматыдағы Райымбек батыр даңғылындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде жарық сөндіріледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала әкімдігінен мәлім еткендей, осы аптада Райымбек батыр даңғылында мынандай жұмыстар қолға алынды: Ескі жабындыны алу, тротуар бойына жиектас пен гранит жиектас орнату; Тас төсеу және арық науаларын орнату; Суару және көше жарықтандыру жүйелері үшін траншеялар дайындау; Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салу. «Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар орнатылып, жарық тартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылмақ. Бұл тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы», — деп атап өтті әкімдіктен. Жөндеу жұмыстары барысында Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі…

Толық оқу

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері соңғы кезде шарықтап кетті. Кейбір операторлар қызмет құнын бірден екі есеге – 3 мыңнан 6 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев бұған түсініктеме берді деп жазады Ertenmedia.   Министрдің айтуынша, тарифтердің көтерілуіне инфляция және операторлардың өз желілерін дамытуға құйып жатқан инвестициясы себеп болған. «Бағаның біртіндеп өсуі орынды… Себебі инфляция бар, компаниялар желілерін дамыту үшін инвестиция құюда. Ең бастысы, операторлар арасында бағаға қатысты заңсыз келісімдер (монополиялық сөз байласу) болмауы керек», – деді министр. Мәдиев жалпы алғанда, байланыс тарифтері қымбаттағанымен, бір гигабайт интернет-трафиктің бағасы керісінше төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол тарифтердің көтерілуі барлық абонентке бірдей…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде ұзындығы 4 шақырымнан асатын Көшім су каналының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Су қоймасының бөгеті 84%-ға жөнделді — шамамен 1,5 шақырым бөлігі қайта жаңартылды. Су жіберу каналының жөндеу жұмыстары 69%-ға, ал Первомай магистральды каналының жөндеу жұмыстары 66%-ға орындалды. Су қоймасындағы бақылау-өткізу бекеттері мен электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы 80%-ға аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін Киров су қоймасындағы барлық жөндеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның жүзеге асуы Киров су қоймасының сенімділігін арттырып, тұтынушыларға суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз…

Толық оқу

Биыл наурыз айынан бастап елордадағы Есіл ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2024 жылы Есіл ауданында 9 аула жаңартылды. Аталған аулаларда ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары, жаңа ойын кешендері, воркаут-аймақтар орнатылды. Тағы 49 аулада жөндеу жүргізілді. 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында алты аула абаттандырылады. «Жобаларды іске асыру барысында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Бұл процесте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының рөлі ерекше», – деді Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы. Қалалық кеңістіктерді абаттандыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы ауқымды жұмыс Ботаникалық бақта жүргізілді: көпірлер қайта сырланды, веложолдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылды, жарықтандыру қалпына…

Толық оқу

Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы сот ісінде жәбірленуші тараптың адвокаттары арасындағы дау жалғасып жатыр деп жазады Ertenmedia.  Істен шығып қалған адвокат Бағдат Амандосұлы бұған дейін «істі біреу жеке атақ-дақпырты үшін пайдаланып жүр, мен сол үшін шеттетілдім» деп мәлімдеген. Адвокаттар тобының жетекшісі Мейірман Шекеев әріптесінің сынына дереу жауап берді. Мейірман Шекеевтің айтуынша, әріптесі Бағдат Амандосұлы сот процесіне немқұрайлы қараған. «Сот процесі жүріп жатқанда, ол концерт аралап, өз шаруасымен жүрді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды орындамады. Жауапкершілік жүгін түсінбеді. Істің мүддесіне қайшы әрекет жасады. Оған бірнеше рет ескерту жасадым. Бұған нақты дәлелдер бар. Амандосұлын топқа өзім шақырған едім, енді өкініп отырмын», – деді Шекеев.…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР-дың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі – «CITIC Environment Investment Group» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Болашақта бұл әріптестік кәріздік тазарту нысандарын жаңғыртуға, қалдықтармен жұмыс істеу саласына жаңа технологияларды енгізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тұрақты үлгілерін іске асыруға бағытталған. Екі елдің мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын бұл ынтымақтастық экологиялық қауіпсіздік пен шығысқазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға тағы бір қадам болмақ», – деді облыс әкімі. Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде өңір орталығында пилоттық жоба – Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін…

Толық оқу

Астана халықаралық форумы дүниежүзіне Қазақстанда жаһандық транзиттік хаб пен келіссөздер алаңына айналған жетекші ел екенін танытты. Бұл форум елдің ішкі мазмұнын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар ішкі жүйені халықаралық модульдерге бейімдейтін геостратегиялық интерфейске айналды десек артық айтқандық болмас еді. Көпшілік форумды әлі де мәдени-көпшілік іс-шара немесе пікір алмасу платформасы деп бағалайды. Бірақ бұл – ескірген түсінік. Шын мәнінде, Астана халықаралық форумы – soft power элементтерінің ішкі интеграциясы, парадипломатиялық тактика, инвестициялық иірім, әрі посткеңестік кеңістіктегі бейтарап аймақтық лидерлікті заңдастыру тетігі. Мұндай механизмдер қазіргі заманда тек сөз жүзінде емес, капитал айналымында және технологиялар трансферінде өлшенетіні белгілі. Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы саясатының векторы…

Толық оқу